Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Депутаттар қаша жөнелді": Егеуқұйрық парламент отырысының шырқын бұзды

Опубликовано:

Егеуқұйрық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Испанияда егеуқұйрық парламент отырысының шырқын бұзды деп хабарлайды insideedition.com сайты.

Оқыс жағдай 21 шілде күні Андалусияда жергілікті парламент отырысы кезінде болған. Отырыс залында күтпеген жерден егеуқұйрықтың жүгіріп өткені депутаттардың зәре-құтын қашырған.

Егеуқұйрықты алғаш болып байқаған парламент спикері шошығаннан орнынан қаша жөнелген. Бұны байқаған өзге депутаттар да орындарында отыра алмай, егеуқұйрықты іздей бастаған.

Олар біраз уақыт егеуқұйрықты үстел астынан іздеп, әлек болған. Уақыт өте келе егеуқұйрықтың қашып кеткенін түсінген халық қалаулылары отырысты қайта жалғастыруды ұйғарған.

Бұл жайттың видеосы түрлі ақпарат агенттіктері мен әлеуметтік желілерде тез тарап кетіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңа Зеландияда отырысқа галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жібергенін жазған едік.

Одан бөлек, Танзанияда парламент отырысына тырысқан шалбар киіп келген депутат әйел жиыннан қуылғанын жазған болатынбыз.

Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Депутаттың жиыннан кетуін талап еткен спикердің шешімін "әділетсіз" деп тапқандар оның әйелден кешірім сұрауын талап етті.

"Киімге емес, елді басқаруға қатысты маңызды істерге назар аударыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923625-deputattar-qasa-zoneldi-egeuquiryq-parlament-otyrysynyn-syrqyn-buzdy-video/

pixel