jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Отырысқа галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жіберді (видео)

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    Жаңа Зеландияда отырысқа галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жіберді деп хабарлайды РИА Новости.

    Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, депутат Равири Вайтити парламент отырысына галстуктың орнына жасыл тастан жасалған дәстүрлі "хей-тики" әшекейін таққан.

    Ол сауал қоймақ болған уақытта палата төрағасы Тревор Маллард тек галстук таққан депутаттар ғана сұрақ қоя алатынын алға тартқан. 

    Бірнеше рет тырысқан соң Вайтитиді залдан шығарып жібергені белгілі болды.

    Ол кейінірек "бар мәселе галстукта емес, мәдени айырмашылықта" деп жауап қайырды.

    Депутаттың сөзінше, ол маори халқының іскерлік костюмін киген. Сол себепті палата спикерінің мұндай әрекет жасауына еш негіз болмады.

    Вайтити өткен жылы да дәл осындай жағдайға тап болған еді. Ол жолы галстуктан бас тартқаны үшін парламенттен қуылатыны хабарланды.

    Маори халқы кезінде Жаңа Зеландия тұрғындарының басым бөлігін құрады. Олар жауынгерлер мінезімен ерекшеленді.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисена алты дипломат пен елдің Австриядағы елшісін қызметінен қуған еді.

    Ол мұндай қадамға баруына президент кеңсесінің ұзақ уақыт бойы елшілікке хабарласа алмауы себеп болған.

    Ашуға мінген Майтрипала Сирисена бірден Венедағы алты дипломат пен елдің Австриядағы елшісін қызметінен босатқан.

    "Бұл өзге елшіліктегілерге сабақ болсын деп", - түсіндірді әрекетін Сирисена.

    Отырысқа галстуксыз келген депутатты парламенттен қуып жіберді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.