Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық рэпер Юпитерден 1,4 есеге үлкен ғаламшар сатып алды (фото)

Опубликовано:

Ғаламшар
WASP-127b, Жер және Юпитер. Фото: twitter.com/latestinspace

Америкалық рэп орындаушы Lil Uzi Vert ғаламшар сатып алды. Бұл туралы SpaceX және Tesla компаниясының басшысы Илон Масктің әйелі, канадалық әнші Граймс өзінің Twitter парақшасында хабарлады деп жазады Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, 26 жастағы Lil Uzi Vert (шын есімі - Саймир Вудс) WASP-127b алып газ экзоғаламшарын сатып алған. Ол Юпитерден 1,4 есеге үлкен.

Ғаламшар 2016 жылы ашылған. Алайда музыканттың ғаламшар үшін қанша ақша төлегені белгісіз.

Рэпердің өзі де бұл ақпаратты растаған.

"Бәрін таңғалдыруға тырыстым. Мұнымен әлі де жұмыс істеп жатырмын!", - деп жауап берді Lil Uzi Vert Граймске Twitter парақшасында.

Алайда мамандар ғаламшарды заңды түрде сатып алу мүмкін емес деп мәлімдеп отыр. Ғарыш кеңістігі туралы келісімге сәйкес, мемлекеттер мен олардың азаматтарына ғарыш объектілеріне иелік етуге тыйым салынады.

Еске сала кетсек, бұған дейін америкалық компания ғарышқа ұшуға тапсырыс қабылдауды бастағанын жазған едік.

2024 жылы Space Perspective компаниясының Neptune One ғарыш кемесімен алғаш рет ғарышқа саяхаттап баруға болады.

Ұшу құны – бір жолаушыға 125 мың доллар. Тіркелу үшін алдын ала 1000 АҚШ доллары көлемінде төлем жасау керек.

Алты сағаттық саяхат үлкен шардың, яғни футбол стадионының көлеміндей "Нептун" атты ғарыш кемесіне тіркелген капсулада өтеді.

Жұмсақ ортопедиялық орындықтарға жайғасқан жолаушылар ғаламшарды өз көзімен көру үшін Жерден 30 500 қашықтық биіктікке көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923969-amerikalyq-reper-yupiterden-14-esege-ulken-galamsar-satyp-aldy/

pixel