Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүзуге арналған баллонда отырған балақайды жел теңіздің ортасына алып кетті

Опубликовано:

Құтқару сәті
Кадр: YouTube / Daily Mail

Тунисте жүзуге арналған баллондағы балақайды жел теңіздің ортасына дейін алып кетті деп жазады Daily Mail.

Оқыс жағдай Тунистің Келибия қаласында болған. Күшті жел баллонмен жүзіп жүрген бүлдіршінді теңіз жағалауынан шамамен екі шақырым қашықтыққа дейін алып кеткен.

Сол арада қыз баласының ғайып болғанын ұққан ата-анасы дереу құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

"Бір минутқа ғана қызымызды қараусыз қалдырған едік, көзден ғайып болды", - дейді ата-анасы.

Абырой болғанда, құтқарушылар гидроциклмен бүлдіршінге дер кезінде жетіп үлгерген. Баллонмен теңіз ортасында қалқып жүрген ол әбден шошып қалған.

Қыз бала ата-анасына аман-есен табысталған.

Еске салсақ, бұған дейін Колумбияда балықшы екі жыл бұрын жоғалған әйелді теңіз бетінде қалқып жүрген жерінен тауып алғанын жазған едік.

Ес-түссіз күйде табылған 46 жастағы Анжелика Гайтан балықшының зәресін ұшырған.

Әбден ашыққан әйел есін жиғанда "мен қайта өмірге келдім, Құдай өлгенімді қаламады" деген екен.

Одан бөлек, Индонезияда үш күн бойы мұхитта қалқыған балықшы табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Іздеу тобы ер адамды мұхиттың ортасынан байқап қалған, ол мұз салатын жәшікке жармасып, барынша ұстап тұруға тырысқан және соның арқасында аман қалған. Үш тәулік сусыз, ассыз болған азамат әбден әлсіреп қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924340-zuzu-ballonyndagy-balaqaidy-zel-tenizdin-ortasyna-alyp-ketti-video/

pixel