Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күзетшіге "елестің шабуылдаған сәтінен" видеоны жариялаған қала мэрі жұртты шошытты

Опубликовано:

Елес
Елес. Көрнекі сурет: pixabay.com

Колумбияда орналасқан шағын қаланың мэрі әлеуметтік желідегі парақшасында көптеген қолданушыларды таңғалдырған видео жариялады. Онда күзетшіге көзге көрінбейтін "тылсым күштің" шабуыл жасағаны байқалады.

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.

Хосе Мануэль Риос Моралес көпшіліктің қызу талқысына түскен видеоны 3 тамызда жариялаған. Шенеунік таңғаларлық жағдай оның кеңсесінде күзетші түнгі ауысымда болған кезде орын алғанын айтуда.

Видеоның ұзақтығы бір минутқа созылады. Кадрлардан дәліз бойымен баяу жүріп келе жатқан күзетшіні байқауға болады, алайда ол кенет қабырғаға соғылады. Күзетшіні камераға көрінбейтін әлдебір тылсым күш қабырғаға итеріп жібергендей әсер қалады.

Сол сәтте ер адам, еңбектеп алға ұмтылады, алайда оның бұл әрекетінен түк шықпайды. Оны әлдебіреу артқа тартып тұрғандай болады.

Видео соңында болған жағдайды байқаған өзге екі күзетші дәлізге жүгіріп шығады, сөйтіп дәрменсіз жатқан әріптестеріне көмек көрсетеді.

Қала әкімі адамдар үкімет ғимараттарының бірінде "елестер бар деп" алаңдамағаны жөн екенін атап өтті. Ол көзге көрінбейтін "елестерден" құтылу үшін арнайы мамандар тобы жалданып, ғимараттың іші "тазартылатынын" алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының полицейлері Қаратөбе ауданындағы елеске қатысты ақпаратты тексеріп, қаңқу сөздер расталмағаны туралы жазған болатынбыз.

Тәртіп сақшылары айғақ ретінде өздері түсірген роликті жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926276-kuzetsige-elestin-sabuyldagan-satinen-videony-zariyalagan-qala-meri-zurtty-sosytty-video/

pixel