Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда көліктің жүк салғышына салынған кобра жүргізуші мен төрт жолаушыны шағып өлтірді (фото)

Опубликовано:

Кобра
Көрнекі фото: pixabay.com

Мысырдың солтүстігінде басқа қалаға жеткізу үшін қорапқа салынған кобра көліктегі бес адамды шағып өлтірді деп жазады Хабар 24.

Порталдың мәліметінше, шағын автобустың жүргізушілерінің біріне танысы жыланды Александрия қаласынан Кафр-эш-Шейхқа жеткізу туралы өтініш жасаған.

Ол келісіп, қорапқа салынған кобраны көліктің жүк салғышына қоя салған. Көп ұзамай көлікке бір отбасының мүшелері, яғни төрт адам отырған.

Жол бойында жылан орындықтардың астымен салонға кіріп кетіп, көліктегі бес адамды да шағып өлтірген. Ал басқарусыз қалған шағын автобус бетон қорғанысқа соқтығысқан.

Жылан
Фото: arabnews.com

Сонымен бірге, куәгерлердің оқиға орнынан жыланды ұстап алғаны хабарланды.

жылан
Фото: arabnews.com

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбританияда маска орнына бетіне тірі жыланды орап алған азамат автобус жолаушыларын таңырқатқан еді.

Одан бөлек, Ресейде ақ халаттылар өзін нашар сезінген науқастың асқазанынан тірі жыланды алып шыққан болатын.

Белгілі болғандай, бауырмен жорғалаушы жануар әйелдің өз үйінің ауласында ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, оның аузына кіріп кеткен.

Нәтижесінде өзін жайсыз сезіне бастаған әйел емханаға жеткізіледі. Науқастың асқазанын тексерген дәрігерлер онда жыланның барын анықтағанда, өз көзіне сене алмаған.

Олар әйелге наркозбен ота жасауға бел буады. Осылайша, дәрігерлер әйелдің аузынан 121 сантиметрлік жыланды алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926855-mysyrda-koliktin-zuk-salgysyna-salyngan-kobra-zurgizusi-men-tort-zolausyny-sagyp-oltirdi-foto/

pixel