Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыркүйекте қай зодиак белгілері табысқа кенеледі: Астролог болжамы

Опубликовано:

Жұлдыз жорамал
Көрнекі сурет: pixabay.com

Танымал астролог Элеонора Гинзбург қай зодиак белгілерін қыркүйек айында табыс күтіп тұрғанын болжап берді деп жазады ФАН агенттігі.

Астролог Гинзбургтың болжамына сенсек, қыркүйек Арыстандар үшін табысты болмақ. Маманның пікірінше, күзде қаржылық бағытта арыстандардың жұлдызы жанып, жұмыстары өрге жүзеді.

Бикештер мен Мергендер де қыркүйек айында қосымша табысқа кенеледі деп санайды астролог.

"Мергендерді алдағы бірнеше айда қаржы тұрғысынан сәттілік күтіп тұр. Айтарлықтай шығын күтілмейді. Қаражаттан қысылмауы керек", - дейді Элеонора.

Маманның болжамы бойынша, қыркүйек Балықтар үшін де табысқа толы болмақ. Айтуынша, олар бірнеше қаражат көзін тауып, инвестиция құя алайтындай жағдайға жетуі мүмкін.

Десе де, астрологтың пікірінше, ең үлкен табыс Тауешкілерге бұйырмақ.

"Тұрақтылық, табыс, бизнестің өрлеуі, сыйақылар - қай жағынан алғанда да тауешкілерді толағай табыс күтіп тұр. Қыркүйекте тауешкілер ұтымды шешімдер қабылдап, қаржылық жағдайы барынша жақсара түседі", - дейді астролог.

Еске салсақ, бұған дейін 25 жылдық тәжірибесі бар танымал астролог Михаил Чистяков пандемияның қай уақытта аяқталуы мүмкін екеніне қатысты жорамалын назарға ұсынған еді.

Астрологтың айтуынша, пандемия аяқталмай жатқанына Күн жүйесіндегі ең үлкен планета Юпитер әсер етуде. Ол коронавирусты толық жеңуге неше жыл қажет екендігін болжап көрді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929724-qyrkuiekte-qai-zodiak-belgileri-tabysqa-kenelmek-astrolog-bolzamy/

pixel