Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күзде адам ағзасына қандай дәрумендер қажет

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Күз мезгілінде ағзаның ауа райына, температураның өзгеруіне бейімделуі қиын. Сондықтан дәрумендер қабылдау аса маңызды деп жазады Хабар 24.

А дәрумені.  Метаболизм процестерін қалыпқа келтіреді, антиоксидантты әсерге ие, тері түсін жақсартады.

Е дәрумені. Иммундық жүйеге ықпалы зор, қан тамырларының жағдайын жақсартады.  

С дәрумені. Токсиндерді шығарады, иммундық жүйенің жасушаларын белсендіреді.  

В6 Дәрумені. Жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, эмоционалды фонды қалыпқа келтіреді, жұмыс қабілетін арттырады.  

В12 Дәрумені. Асқазан-ішек жолдарының қызметін сақтау үшін қолданылады, қан түзілуін жақсартады.  

D дәрумені. Шаш пен тырнақтың сапасын жақсартады, иммундық жүйенің қызметін тездетеді.

Айта кетейік, Нидерландыдағы бес ірі қаланың билігі фастфуд мейрамханаларына зиянды тағамдарды жеткізуге заң жүзінде тыйым салып, мұндай орындардың санын қысқартпақ.

Атап айтқанда, Амстердам, Гаага, Роттердам, Утрехт және Эде қалаларының билігі фастфудқа қарсы шыққан. Жергілікті әкімшілік өкілдері Денсаулық, әл-ауқат және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік хатшы Пол Блокхейске тиісті хат жолдаған. Хатта олар зиянды тағамдар ұсынатын мейрамханалар санын реттеуге қатысты өкілеттігін кеңейтуді сұраған.

Қазіргі уақытта муниципалитеттердің тұрғындардың тамақтану әдетіне ықпал етуге және нарықтағы зиянды өнімдер санын қысқартуға мүмкіндігі төмен. Осыған қарамастан аталмыш қалалар голландықтар арасында кеңінен тараған семіздік ауруымен күресті күшейтуге тырысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930453-kuzde-adam-agzasyna-qandai-darumender-qazet/

pixel