RU

Ескі ұялы телефонды жұтып қойған азамат дәрігерлерді таңғалдырды (фото)

Ұялы телефон
Фото: Facebook / skendert

Косово тұрғыны 2000 жылы шығарылған Nokia 3310 ұялы телефонын жұтып қойып, ауруханадан бір-ақ шықты деп хабарлайды Metro.

33 жастағы азамат ұялы телефонды асқазаны қорыта алмайтынын түсінгесін, ақыры дәрігерлерге қаралуды ұйғарған.

Ұялы телефонның көлемі үлкен болуы оның қорытыла бастауына кедергі болған. Егер телефон біртіндеп қорытылып, аккумуляторындағы сұйықтық асқазанына аға бастағанда, ер адамның денсаулығына ауыр зиян келетін еді.

Дәрігерлер ер адамға дереу ота жасады. Олар азаматтың асқазанын тілмеудің амалын тауып, телефонды бөлшектеп алып шыққан.

Ота сәтті өткен. Ер адамның не себепті және қалайша телефонды жұтып қойғаны туралы ақпарат жария етілмеді.

Ұялы телефон
Фото: Facebook /skendert

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада дәрігерлер телефон жұтып қойған ер адамды құтқарып қалғанын жазған едік. Науқас дәрігерлерге бірнеше сағат бұрын ұялы телефон жұтып қойғанын айтқан.

Аурухана мамандары ер адамның ішкі жүйесін рентген аппаратына түсіріп, онда ұялы телефон және тырнақ секілді бөтен заттардың бар екенін анықтайды.

Мамандар кеңесінен кейін эндоскоптың көмегімен аталған заттар сәтті шығарылған.

Одан бөлек, Шымкентте үш айлық сәбидің кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалғанын жазған едік. Білікті хирургтар шұғыл түрде ота жасап, баланың кеңірдегіндегі түйреуішті алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930776-ulken-uyaly-telefondy-zutyp-qoigan-azamat-darigerlerdi-tangaldyrdy-foto/