Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үш айлық сәбидің кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған (фото)

Опубликовано:

Түйреуіш
Фото: Шымкент қаласы балалар клиникалық ауруханасы

Шымкентте білікті хирургтар шұғыл түрде ота жасап, кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық нәрестені аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай нәресте тыныс алу жолында бөгде зат тұрып қалды деген күдікпен Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Сәбиді тексерген дәрігерлер рентгенограмма жасап, кеңірдектің жоғарғы үштен бір бөлігінде түйреуіш тұрғанын анықтаған.

Осыдан кейін білікті хирургтар - Әкім Түлкібаев, Нұрбол Қоянбаев және анестизиолог-дәрігер Берік Тотиков шұғыл түрде ота жасауға кіріскен.

"Фибробронхоскоп арқылы іштегі түйреуішті алдық. Ота тіліксіз өтті. Баланың жалпы жағдайы жақсы, емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем алуда", - дейді дәрігер Әкім Түлкібаев.         

Мамандардың айтуынша, ауруханаға моншақ, бұршақ, тырнақ, түйме, ине, түйреуіш, сүйек, ұсақ тиын секілді заттарды жұтып қойған балалар жиі түседі екен. Мұндай жағдайлар көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балаларда жиі кездесетін көрінеді.

Сондықтан ақ халаттылар ата-аналарға аса сақ болу керектігін айтады.

"Ұсақ заттар ауыз қуысы мен жұтқыншақ арқылы өтіп, кеңірдек пен бронхқа енеді. Ірі заттар өңеш арқылы өте алмайды. Олардың кеңірдектің тарамдарында немесе негізгі бөлігінде тұрып қалу қаупі өте жоғары", - дейді дәрігерлер.

Дәрігерлер
Үш айлық баланы аман алып қалған ақ халаттылар. Фото: Шымкент қаласы балалар клиникалық ауруханасы

Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік дәрігерлердің сірке суын ішіп қойған бүлдіршінді аман алып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908298-symkentte-usi-ailyq-sabidin-kenirdegine-tuireuis-turyp-qalgan-foto/

pixel