Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог қандай тосап өмірге қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

Тосап
Көрнекі сурет: pixabay.com

Күз келісімен көптеген адам қысқа дайындық ретінде салат жауып, тосап қайната бастайды. Осы орайда диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Соломатина қандай тосап қауіпті екенін радио Sputnik-ке айтып берді.

Диетологтың сөзінше, бес минут қана қайнатылатын тосаптар тез бұзылғыш келеді.

"Мұндай тосаптарды ұзақ сақтауға болмайды. Ал ұзағырақ сақтау үшін қантты көбірек қосу керек. Одан бөлек, банканы пластмассамен емес, темір қақпақпен жапқан дұрыс және салқын жерде немесе тоңазытқышта сақтаған абзал", - дейді ол.

Дәрігер 30 минуттан көбірек уақыт қайнатылатын тосаптар ұзағырақ сақталатынын, тіпті бірнеше жылға шыдайтынын алға тартты.

Десе де маман тосапты бір жылдан артық сақтауға кеңес бермейді. Тосапта кішігірім ғана көгерген жер байқалса, оны жемеу керек дейді диетолог.

"Көгере бастаған тосапта афлатоксин атты улы зат пайда болады. Бұл бауырға зиян. Уланып қалуыңыз ғажап емес", - дейді Елена Соломатина.

Маманның сөзінше, тосаптың қауіпті екенін банка қақпағының томпайып тұрғанынан да байқауға болады.

Айта кетсек, бұған дейін Елена Соломатина ми жұмысын жақсартатын өнімдерді атаған болатын.

Оның сөзінше, мидың жақсы жұмыс істеуі үшін тамақтың құрамында холиннің жеткілікті мөлшерде болуы маңызды.

Маман аталған дәрумен жұмыртқаның сарысында, қой етінде, сұлы мен түрлі-түсті қырыққабатта болатынын айтады.

Одан бөлек, мидың жақсы жұмыс істеуі үшін В12 дәрумені мен темірге бай өнімдерді де жиі тұтыну керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1932087-dietolog-omirge-qauipti-tosap-turlerin-atady/

pixel