jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Төрт тілде сөйлеп, жазуды білетін екі жасар вундеркинд бала әлемді аузына қаратты

Балақай
Кадр: Instagram/educatingizzy

Лондонда тұратын екі жасар Исайя Гьямфи есімді ұл бала төрт тілде сөйлеп, жаза білуінің арқасында әлем жұртшылығының ерекше назарына ілікті деп жазады Daily Mirror.

Шетел басылымының ақпаратына сенсек, 30 жастағы Жазель Андерсон ұлы Гьямфидің ерекше ақылды екенін бес айлығында-ақ байқаған.

Балақай
Фото: Instagram/educatingizzy

Бүгінде екі жасар балақай ағылшын, испан, француз, жапон тілдерінде сөйлеп, тіпті жазуды да біледі.

Одан бөлек, бүлдіршін 100-ге дейін санай алады әрі көбейту таблицасын жаттап алған.

Анасының айтуынша, ұлы жапон тілінде 40-қа дейін санауды небәрі бір тәулік ішінде үйреніп алған.

Баласының білімге ерекше құштарлығын байқаған анасы төрт айлығында-ақ ұлының бөлмесін әріптер мен сандардың суретіне толтырғанын жасырмайды.

Сегіз айлығында баласы әріп танып, анасы сұраған әріпті көрсете бастайды. Балақай, тіпті әлем елдері мен олардың туларын да жаттауға кіріскен.

Жазель ұлының жетістіктерімен бөлісу үшін оған Instagram парақша ашып қойған. Ол ұлы білім алып, тілдерді меңгеруді ерекше ұнататынын және баласын ешуақытта тіл үйренуге күштеп көрмегенін алға тартты.

Айтуынша, ұлы үшін сабақ оқу ойынның бір түріне айналған және ол жаңа дүниені үйренген сайын өзін ерекше бақытты сезінеді.

"Балам бақытты болса, мен де бақыттымын", - дейді анасы.

Еске салсақ, бұған дейін Бельгияда 11 жасар Лоран Симонс Антверпен университетін физика мамандығы бойынша аяқтағанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, қазақстандық "вундеркинд" бала атанған 16 жастағы Абзал Мыраш АҚШ-тың Нотр-Дам университетінің компьютерлік ғылым және инженерия факультетінің магистратурасына түскенін жазған едік.

Төрт тілде сөйлеп, жазуды білетін екі жасар вундеркинд бала әлемді аузына қаратты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.