jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Адам өлімі азайды: Үндістан дәрігері "дельта" штамын жеңудің басты себебін атады

Үндістанда коронавирусқа тест тапсыру
Көрнекі фото: Sunil Ghosh/Hindustan Times via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, "дельта" штамы әлемнің 192 елінде түгелдей тіркеліп отыр. Алайда, дәл осы вирус түрінен өлім саны ең көп тіркелген Үндістанда қазір эпидахуал тұрақталып келеді деп хабарлайды Almaty.tv.

Үндістанда соңғы тәулікте 19 мыңға жуық жағдай анықталған. Ал осыдан екі ай бұрын тәуліктік көрсеткіш 30 мыңнан асқан болатын.

Яғни, "дельта" штамының жұғу жағдайы Үндістанда 2 есе төмендеген. Десе де, жақында ғана қара зең саңырауқұлағы бірталай адамның өмірін қиып, мәйіттер өзенге ағызылған бұл ел мұндай көрсеткішке қалай қол жеткізіп отыр? Үндістандық дәрігер індетті жеңе алудың басты себебі екпе екенін айтады.

"Бізде ковидтік стацинарлар мен ауруханалар біртіндеп жабылып жатыр. Соңғы айда бізде қалада бірде-бір жұғу дерегі тіркелмеді. Науқастар қатары азаюда. Мәселен, Делиде 20 миллион халық болса, арасында 3-4 адамнан ғана коронавирус анықталған. Пандемия басталғалы мұндай көрсеткіш болған емес. Бұл деген жетістік қой. Себебі, Үндістанда 700 миллион адам екпе салдырды", – деді Ресей, Балқан, ТМД халықаралық қатынастар жөніндегі жетекші, медицина ғылымдарының докторы Вани Акбер.

Осылайша, Үндістан бейбіт өмірге оралуда.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістан билігі емтиханда көпшілік көшірмеуі үшін 8 миллион аса адамның интернетін өшіріп тастағаны туралы жазған едік.

Үндістанның бағдарламалық қамтамасыз ету бостандығы бойынша заң орталығы интернеттің өшірілуі штаттың экономикасы мен біліміне кері әсер ететінін айтып, дабыл қаққан.

Адам өлімі азайды: Үндістан дәрігері "дельта" штамын жеңудің басты себебін атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.