Ет жеуден неліктен бас тартуға болмайды: Диетолог себебін айтып берді
Жарияланған күні:
Ресейлік диетолог Ольга Чунтова тамақтану рационынан етті алып тастаудың салдарынан денсаулық сыр беруі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, еттен бас тартқан жағдайда ағзада маңызды дәрумендердің жетіспеушілігі туындауы мүмкін деп хабарлайды РИА Новости.
Ольга Чунтованың айтуынша, еттен бас тартқан кезде адам ағзасында D, В12 дәрумендерінің, Омега-3 май қышқылы, креатин, холестерин, йод, фосфор және кальций тапшылығы туындауы ықтимал.
"Мұның бәрі гормондардың бұзылуына әкеп соқтырады. Шаш, тырнақ, сүйек сондай-ақ, репродуктивті функция зақымданады. Еттен бас тартқан соң анемияның пайда болу қаупі де артуы мүмкін.
Жануарлардан алынатын өнімдер рационнан шығарылған кезде, өсімдік ақуызы аминқышқылдарының құрамы бойынша да, сіңімділігі жағынан да жануар ақуызын алмастыра алмайды", - дейді диетолог.
Сонымен бірге, маман еттен бас тартқандарға кофе мен шайды тым көп ішпеуге кеңес берді. Өйткені, екі сусын да темірдің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл процесті қалыпқа келтіру үшін құрамында аскорбин қышқылы бар тағамдарды тұтыну қажет.
Сондай-ақ, рационға балдыр, чиа тұқымдары, грек жаңғағы, жұмыртқа, зығыр тұқымдарын қосқан жөн. Бұл өнімдер полиқанықпаған май қышқылдарының жетіспеушілігін тез толтырады екен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Огайо штаты университетінің ғалымдары В6 және В12 дәрумендерін мөлшерден тыс пайдалану өкпенің қатерлі ісігінің пайда болу қаупін арттыратынын анықтағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1937773-et-zeuden-nelikten-bas-tartuga-bolmaidy-dietolog-kenes-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.