jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

АҚШ хирургтары адамға шошқаның бүйрегін салды

Ота жасап жатыр
Көрнекі фото: piqsels.com

Нью-Йоркте хирургтар гендік модификацияланған шошқаның бүйрегін адамға ауыстыру отасын жасады деп жазады РИА Новости New York Times басылымына сілтеме жасап.

Отаны жасаған Нью-Йорктегі трансплантология институтының директоры Роберт Монтгомеридің хабарлауынша, ағза қалыпты жұмыс істеп тұр. Айтуынша, бүйрек бірден несеп пен қалдықтарды шығара бастаған.

Сондай-ақ, ол бүйрек салынған адамның миы өлгендіктен, жасанды тыныстандыру аппаратына қосылғанын хабарлады.

Зерттеуге қатысқан трансплантология хирургиясының профессоры отаны "үлкен серпіліс және өте үлкен жетістік" деп атаған.

Америкалық басылым авторының айтуынша, егер ғалымдар шошқа ағзаларын адамға салу мақсатында өсіруді үйренсе, бұл трансплантация үшін кезекте тұрған 100 мыңға жуық америкалықты құтқаруы мүмкін.

Мақалада 90 мыңдай АҚШ азаматына бүйрек қажет екені жазылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде дәрігерлер аяғы ауыр келіншекке кесар тілігі жасалған сәтте оның нәрестесіне де ота жасап, өмірін сақтап қалғанын жазған едік.

Ота кезінде баланы анасының құрсағынан жартылай ғана шығарып, кіндігін кеспеген. Осылайша, сәби жолдасының арқасында оттегімен қамтамасыз етіліп, дәрігерлер сол арада нәрестенің тыныс алу жолдарына ота жасай алған.

АҚШ хирургтары адамға шошқаның бүйрегін салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.