Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойдан жарты сағат өткен соң жүрегі ұстаған қалыңдық сүйіктісінің қолында қайтыс болды

Опубликовано:

Қалыңдық
Көрнекі фото: pixabay.com

Мысырда өзін нашар сезінген қалыңдық үйлену тойынан жарты сағат өткен соң көз жұмды. Бойжеткен күйеу жігітінің қолында жан тапсырған, деп жазады Lenta.ru.

Марқұмның әкесі Нади Тахи Мадидің айтуынша, той күні ол қатты шаршап, мерекенің ресми бөлімі аяқталған соң үйіне қайтып кеткен.

Ер адам үйіне кіре салысымен оған қызы қоңырау шалған. Бірнеше минут өткеннен кейін оған қызының қайтыс болғанын хабарлаған.

Белгілі болғандай, қонақтармен көңіл көтеріп жүрген қалыңдықтың жүрек талмасы ұстап қалған. Ол өзін жайсыз сезініп, күйеуінің қолына құлап түскен. Қалыңдық сүйіктісінен дереу әкесіне хабарласуын өтінген. Содан бес минут өткен соң бойжеткен қайтыс болған.

Қызының қазасы ауыр тиген ата-анасы оны той көйлегімен жерлеуді өтінген.

"Мен әлі де есеңгеріп жүрмін. Не болғанын түсіне алар емеспін. Бірақ қазір менің қолымнан қызым үшін дұға жасау ғана келеді. Алла бізді жұмақта қауыштырсын. Бізге бұл қайғыны еңсеретін сабыр мен күш-жігер берсін", - дейді ер адам.

Еске сала кетсек, бұған дейін той алдында ерекше әдемі болғысы келген англиялық қалыңдық терісінің түсін өзгертемін деп опық жеп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1942969-toidan-zarty-sagat-otken-son-zuregi-ustagan-qalyndyq-suiiktisinin-qolynda-qaitys-boldy/

pixel