jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Той алдында ерекше әдемі болғысы келген қалыңдық адам танымастай күйге түсті (фото)

Derrie Mathews
Дерри Мэтьюз. Фото: Today UK news

Англия тұрғыны неке қию рәсімінде ең сұлу қалыңдық боламын деп сан соғып қалды. 36 жастағы әйелдің хикаясы көпшілікті алаңдатып қойды, деп жазады Lenta.ru.

Дерри Мэтьюз тойға үш күн қалғанда терісіне аздап қоңырқай реңк беруді шешіп, арнайы процедура (автозагар-ред.) жасату үшін сұлулық салонына барады.

Қабылдау бөлмесінде ол косметологтан терінің түсін өзгертетін затты екі есе көп жағуын сұраған. Себебі, бозарған терісіне бір рет қолдану әсер етпейді деп ойлаған.

Күюге арналған затты жаққан соң сегіз сағаттан кейін бетті жуу керек болған. Алайда, қалыңдық оны жумай-ақ қоюды шешіп, ұйықтап қалған екен.

Ал келесі күні оның терісі өзі күткеннен әлдеқайда қоңырқай болып шыққан.

"Мен өзімді көріп, таң қалдым. Күйеу жігітім күлкісін тыя алмады, қызым қорқып кетті", - дейді Дерри Мэтью.

Англиялық келіншек тойда меймандар мазаққа айналдыра ма деп уайымдағанымен, той сәтті өткен.

Той алдында ерекше әдемі болғысы келген қалыңдық адам танымастай күйге түсті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.