Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұтынбағаны абзал": Лимонды кімдерге жеуге болмайды

Жарияланған күні:

Лимон
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік диетолог Александра Лапина лимонның бірнеше пайдалы қасиетін, сондай-ақ жемістің бұл түрін кімдерге жеуге болмайтынын айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Лимон асқорытуды жақсартады, тәбетті ашады, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді, түйілуді жеңілдетеді, тіпті қатерлі ісіктің пайда болуына жол бермейді. Лимон көп жағдайда суық тию мен жөтел кезінде қолданылады. Сондай-ақ, вирусқа қарсы және антибактериалық қасиетке ие өнім", - дейді диетолог.

Дегенмен, Александра Лапина лимонды барлық адам бірдей тұтына алмайтынын атап өтті. Мәселен, цитрустарға аллергиясы бар адамдардың лимонды тұтынбағаны абзал.

Сонымен бірге, бүйрек, асқазан-ішек жолдарында проблемасы бар азаматтарға да лимоннан бас тартуға тура келеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік эндокринолог дәрігер, диетолог Полина Королева құрманың зияны жайлы айтып берген болатын.

Дәрігердің сөзінше, құрманы түскі немесе кешкі астан кейін десерт ретінде қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, ұйықтар алдында да жемеген абзал, өйткені ол асқазандағы ауырлық пен жайсыздыққа себеп болуы мүмкін.

Одан бөлек, диетолог Ольга Чунтова тамақтану рационынан етті алып тастаудың салдарынан денсаулық сыр беруі мүмкін екенін айтқан еді.

Оның сөзінше, еттен бас тартқан жағдайда ағзада маңызды дәрумендердің жетіспеушілігі туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1943900-tutynbagany-abzal-limondy-kimderge-zeuge-bolmaidy/