jitsu gif branding logo appbranding logo app

Әйгілі "Один дома" фильміндегі жекежай 11 мың теңгеге жалға берілмек

Үй
Фото: airbnb.co.uk

Әйгілі "Один дома" фильміндегі Маккаллистерлер әулетінің жекежайы бір түнге жалға беріледі. Airbnb жылжымайтын мүлікті жалға алу сайтында осындай хабарландыру пайда болған, деп жазады Life.ru.

Сайттағы хабарландыруға сүйенсек, АҚШ-тың Чикаго қаласындағы жекежайды тек бір түнге жалға алуға болады. Осы ретте, әйгілі үйді көргісі келетіндер 25 доллар (11 мың теңгеге жуық ақша) төлеуі тиіс.

Маккаллистерлердің зәулім сарайын жалға алғандар Жаңа жыл мерекесін тойлай беруіне болады. Себебі, ғимарат дәл кинодағыдай безендірілген.

Үй
Фото: airbnb.co.uk

Хабарландыруды фильмнің басты кейіпкері Кевиннің ағасы Базз Маккалистер берген. Ол көптеген ұсыныс күтетінін айта кеткен.

Үйді брондау бүгін, 7 желтоқсанда басталады. Сонымен қатар, жекежайда қонақтарға түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылатыны көрсетілген.

Үй
Фото: airbnb.co.uk

Фото
Фото: airbnb.co.uk

Фото
Фото: airbnb.co.uk

Үй
Фото: airbnb.co.uk

Еске сала кетсек, бұған дейін Майамиде Гюнтер VI атты итке тиесілі зәулім сарай 31 млн долларға (13 млрд 516 млн теңгеден астам) сатылған еді.

Әйгілі "Один дома" фильміндегі жекежай 11 мың теңгеге жалға берілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.