Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл мерекесінде тамақтан уланбау үшін не істеу керек: дәрігер кеңес берді

Опубликовано:

жаңа жылдық дастархан
Көрнекі фото: novosti-saratova.ru

Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Наталья Беляева жаңа жыл мерекесінде тамақтан уланбау үшін қандай қарапайым сақтық шараларын ұстану қажеттігі жайында кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Наталья Беляеваның айтуынша, тамақтан уланып қалмау үшін дастархандағы тағам дәмді ғана емес, денсаулық үшін қауіпсіз де болуы қажет.

"Медициналық статистика мереке күндері тамақтан улану жағдайларының едәуір артатынын көрсетеді. Бұл, ең алдымен, мереке күндері адамның әдеттегіден әлдеқайда көп тамақ ішетіндігіне байланысты. Тұтынатын тағам әрдайым сапа мен гигиена стандарттарына сәйкес келмейді, ал мерекелік тағамдар кейде бірнеше күн сақталады. Салдарынан бүлініп, тамақтан улану қаупін арттырады. Биыл облыс бойынша тамақтан уланудың 7 фактісі тіркелді, олардың барлығы үйлерінде уланған. Былтыр ұқсас кезеңінде осындай 12 жағдай тіркелді. Бәрінде де тұрғындар тамақ өнімдерін сақтау шарттары мен күнделікті жеке гигиена ережелерін бұзған", - дейді Наталья Беляева.

Маманның айтуынша, сүт өнімдерінің барлық түрлері, шикі жұмыртқа, әртүрлі ет түрлері, туралған көкөніс тағамдары, кондитерлік өнімдер, әсіресе торттар мен ақуыз кремі бар торттар улануға әкеледі.

Ет және балық тағамдары, сондай-ақ майонез қосылған салаттар тез бұзылатын өнімдер тобына жатады.

"Тізімге десерттер, қаймақ немесе сары май қосылған торттар да кіреді. Қаймақ немесе майонез қосылған дайын салаттар мен ет тағамдарының жарамдылық мерзімі өте шектеулі. Егер олар түні бойы жылы бөлмеде үстелде тұрса, онда таңертең оларды тұтыну қауіпті. Май, майонез қосылған салаттарды тоңазытқышта 12 сағат, қайнатылған, бұқтырылған, қуырылған көкөністерден жасалған тағамдарды 24 сағат, ет тағамдарын 36 сағаттан асырмай сақтауға болады", - дейді санитар дәрігер.

Жұқпалы аурулардың, тамақтан уланудың алдын алу мақсатында ДДҰ тамақ дайындау кезінде бес негізгі әдісті сақтауды ұсынады. Олар: тазалықты ұстау, шикі және пісірілген тағамдарды бөлек сақтау, тағамдарды жақсылап қуыру немесе қайнату, өнімдерді қауіпсіз температурада сақтау және таза суды және қауіпсіз шикі тағамды қолдану.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1948490-zana-zyl-merekesinde-tamaqtan-ulanbau-usin-ne-isteu-kerek-dariger-kenes-berdi/

pixel