Коронавирустың "омикрон" штамы шаш арқылы жұғатыны рас па

Опубликовано:

Шаш
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде коронавирустың "омикрон" штамы адамнан адамға шаш арқылы жұғатыны туралы дыбыстық хабарлама тарауда. Алайда бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, коронавирус және оның барлық штамдары ауа-тамшы жолдарымен, тыныс алу, жөтелу және түшкіру арқылы беріледі.

"Сондықтан, біз әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, бетперде тағу қажет деп айтамыз.

Коронавирус инфекциясының алдын алудың ең тиімді әдістері - вакцинация және ревакцинация", – дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Telegram мессенджерінде Қарағанды мектептерінің бірінде вакцина салдырмаған жоғары сынып оқушыларын офлайн-режимдегі сабақтарға жібермейтіні туралы ақпарат тараған еді.

Бұл ақпарат та жалған болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1952180-koronavirustyn-omikron-stamy-sas-arqyly-zugatyny-ras-pa/