jitsu gif

43 жыл ішінде 14 рет үйленген ер адам ұсталды

Үндістанда ер адам 14 рет үйленді
Илюстрациялық сурет: pixabay.com

Үндістанның Одиша штатында 43 жыл ішінде 14 рет үйленген ер адам ұсталды. Ол некелескен әйелдерін алдап, солардың есебінен өмір сүрген, деп жазады mir24.tv.

65 жастағы Рамеш Чандра Свейн алғаш рет 1979 жылы үйленген.

2010 жылдан бастап ол ажырасқан немесе басы бос ауқатты әйелдерді іздей бастаған. Әрқайсысымен танысу үшін ол аты мен тегін өзгертіп отырған.

Ал некелескеннен кейін жарынан ақша талап ете бастап, тіпті мүлікті өзінің атына аударуға көндірген.

Осы уақыт аралығында Рамештің бірнеше әйелінен бес баласы өмірге келген. Оның барлық әйелі әртүрлі штатта тұран, тіпті бір-бірінің бар екендігі туралы бейхабар болған.

Ер адамның өтірігін әйелдерінің бірі әшкере еткен. Жары Рамештің телефонынан басқа әйелдермен сөйлескен хабарламаларын байқап қалған. Оларға хабарласқан кезде, шындықтың беті ашылған.

Бұл жайттан кейін Рамештің әйелдері бірігіп, полицияға шағымданған. Жергілікті заңдарға сәйкес, неке адалдығын бұзушы жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

43 жыл ішінде 14 рет үйленген ер адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.