Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөл жағалауындағы маусымдық табыс: демалыс пен жұмысты қалай үйлестіруге болады

Опубликовано:

Алакөл
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Жаз – алдын-ала жоспарланған әрі күнделікті қым-қуыт тіршіліктен бір мезет демалуға болатын демалыстар кезеңі. Алматы облысындағы Алакөл көлі – жазғы демалысын сәтті өткізгісі келетін туристер үшін ғана емес, сондай-ақ маусымдық жұмыс істегісі келетін жандар үшін де таптырмас демалыс орны болып табылады. Осы орайда NUR.KZ жергілікті демалыс орталықтары ұсынатын жұмыс жағдайларымен толығырақ танысып көрді.

Алматы облысындағы Алакөл жағалауында меймандарға арналған үйлер, түрлі демалыс аймақтарынан бастап, сертификатталған қонақ үйлер мен курорттық типтегі қонақ үйлерге дейін әртүрлі бағыттардағы 270-тен астам орналасу орындары бар. Олардың басым көпшілігі қызметкерлерді жазғы уақытта жұмысқа қабылдайды. Бұл студенттер мен маусымдық жұмысты қалайтын азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Мысалы, ALAKOL AQNIET демалыс аймағында әр маусым сайын қызметкерлер штаты 80%-ға дейін жаңартылады.

«Бізге қонақтар демалуға, денсаулықтарын жақсартуға және бос уақыттарын ұтымды өткізу үшін келіп жатады. Сол себепті қонақүйдегі қызмет көрсету деңгейі әрқашан жоғары деңгейде болуы өте маңызды. Сондықтан біз қызметкерлерге көп көңіл бөлеміз: қажет болған жағдайда оқытамыз, тренингтер өткіземіз. Негізінен, бізде қызметкерлердің көпшілігі маусымдық жұмыс істейді. Олардың кейбірі келесі жылы да қайта келіп жатады. Біз өз қызметкерлеріміз үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Мұнда жұмыс істейтіндердің барлығы осында тұрып, тамақтана алады. Егер қызметкерлер жұмыста жетістікке жетіп жатса, оларға біз сыйақы тағайындайтын боламыз», - дейді ALAKOL AQNIET демалыс аймағының директоры Анар Кәрімова.

«Пеликан» отбасылық демалыс орталығы да дәл осындай режимде жұмыс істейді. Айта кетерлігі ол - Алматы облысының Алакөл жағалауындағы демалыс аймақтарының ішіндегі ең «жасыл» қонақ үй болып саналады.

«Пеликан» демалыс орны Алакөл жағалауындағы қонақ үйлердің көпшілігі сияқты тек жаз мезгілінде ғана жұмыс істейді. Тиісінше, жыл сайын туристік маусымның басында біз қызметкерлер штатын құрамыз, қажет болған жағдайда оларды оқытамыз. Мұндай жұмыс, бірінші кезекте, болашақта қай мамандықты таңдайтынын әлі шешпеген студенттерге, жастарға қызықты болады. Себебі мұнда олар қызмет көрсету саласының түрлі салаларында жұмыс істей алады. Сол сияқты дәл сол кезеңде жұмыс іздеп жүргендер де, осында келіп, қалаған жұмыс орнына тұра алады», - деді «Пеликан Сервис» ЖШС директоры Мария Сагурова.
Алакөл
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Оның айтуынша, әр қызметкер жұмысқа орналастырылған уақытта, онымен еңбек шарты жасалатын көрінеді. Қызметкерлерге жұмыс орнына баруға арналған өтемақы, тегін тамақтану және тұру, киім-кешек және т.б. тұрмыстық қажеттіліктер беріледі. Жалақы қызметкердің біліктілігі мен лауазымына байланысты оны жұмысқа қабылдау сәтінде белгіленетін болады.

Алматы облысының Zhetysu travel Туристік ақпараттық орталығының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта маусымдық жұмысқа қызметкерлерді тартумен келесі демалыс аймақтары айналысады:

  • ВОДОЛЕЙ (контакты: 87073750575)
  • Алтын алма (байланыс телефоны: 87077585316)
  • Ерлайф (байланыс телефоны: 87017072043)
  • Холидэй ЖК (байланыс телефоны: 87012163750)
  • «Пеликан» отбасылық демалыс аймағы (байланыс телефоны: 87056507808)
  • Атлантис ЖК (контакты: 87781104208)
  • ALAKOL AQNIET демалыс аймағы (байланыс телефоны: 87024620252)
  • АКВАМАРИНА РЕСОРТ (Instagram: @aquamarie_resort)
  • РИВЕРА АЛАКОЛЬ (Instagram: @rivera_alakol)
  • Панорама (Instagram: @alakol_panorama)

Мұндағы жалақы үміткерлердің жұмыс тәжірибесі мен қызметіне қарай 60 мың мен 300 мың теңге аралығын қамтиды. Бос орындар арасында әкімшілер, аспаздар, үй жинайтын қызметшілер, даяшылар, аниматорлар және басқалар бар.

Ескеретін жайт, Алакөлдегі туристік маусым биыл 10-шы маусымнан 10-шы қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1959443-alakol-zagalauyndagy-mausymdyq-tabys-demalys-pen-zumysty-qalai-uilestiruge-bolady/

pixel