Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өкпе-ренішті ұмытып, қарыздан құтылатын күн: Қазақстанда Наурыз мейрамы қалай тойланады

Опубликовано:

Наурызда алтыбақан тепкен жастар
Наурыз мейрамында алтыбақан аясына жиналған қыз-жігіттер. Көрнекі сурет: Youtube/Dindill studio

Наурыз мейрамы - көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар.

Қазақстандағы Наурыз: мерекеге байланысты дәстүрлер қандай?

Қазақстанда Наурыз мерекесін атап өтудің қандай дәстүрлері бар? Марина Бусыгина бұл мейрамның мәні хазақ халқының көктемді қарсы алуымен байланысты деп жазады. Оны тойлау шын мәнінде келесі жаңа кезеңнің бастауына деген құрмет болып болып саналады, сондықтан мереке ерекше аталып өтеді.

Қазақтар бұл мейрамда ең жақсы киімдерін киіп, туған-туыс, көрші-қолаңмен жиналып, дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырады, ән айтып, би билейді.

Наурыз мейрамына тән салт-дәстүрлер де қалыптасқан. Оның ішінде ең маңыздысы – жаңаруға, тазалыққа бет бұру.

Ол көптеген ғасырлар бұрын пайда болып, бүгінде жойылған жоқ. Адамдар тек үй ішін емес, ауланы да тазалайды.

Ең бастысы - ақ сақалды Қыдыр атаға (сенім бойынша мереке қарсаңында келетін қария) халықтың жаңа жылға қалай дайындалатынын сезіндіру. Ол үшін түні бойы киіз үйдің төріне екі майшам жағылады.

Қазақта Наурыз мейрамына қатысты түрлі сенім-наным бар. Мысалы, егер мерекеде үй іші таза болса, онда оның тұрғындары жыл бойы:

  • қиындықсыз, уайымсыз өмір сүреді;
  • ауру-сырқау, пәле-жаладан аулақ болады.

Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтар молшылық шақыру үшін үйдегі барлық ыдысты тағамдармен, дәнді-дақыл, бұлақ суы, сүт, айранмен толтырып қойған. Мұндай дәстүр жаңа жылда жақсы өнім болады деген сенімге негізделген. Бұдан бөлек мереке қарсаңында жасалатын бірқатар үрдіс бар:

  1. Адамдар қарыздарын өтеуге тиіс. Жаңа жылға қарызсыз кіру - жақсылықтың нышаны.
  2. Араздасып қалған жақын жандармен татуласу керек. Осы кезең қайта достасу үшін нағыз қолайлы сәт деп есептеледі. Өйткені ескі жылдан жаңа жылға өкпе-ренішті тасуға болмайды деген сенім бар.
  3. Наурыз мейрамы келгенде оны жаңа киіммен қарсы алу керек деген тұжырым бұрыннан қалыптасқан. Бұл дәстүр халқымызда келер жылы тоқшылық, молшылық болсын деген тілектен туған.

Ертеде көктем мерекесіне дайындықты таң атқаннан бастап кетеді. Күн шыққанша үлкендер де, жастар да, балалар да бұлақтарды тазалауға қатысқан. Сонымен қатар тал егетін.

Киіз үйде дастарқан басына жиналған көпшілік
Мерекеде ақ дастарқан басына жиналған адамдар. Көрнекі сурет: Youtube/Dindill studio

Түрлі-түсті киім киген мерекелік көтеріңкі көңіл-күйдегі "көктем хабаршылары" көшелерді аралап, халықты той тойлауға шақырған. Наурыз мейрамын атап өту тоқмейілсушілікке ұласатын.

  • Көшеде кезіккен адамдар бір-біріне сәлем беріп, құшақтасады.
  • Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Жиналған жұрт жан-тәнімен көңіл көтереді. Олар "Наурыз жырын" хормен орындап, түрлі байқаулар ұйымдастырды. Соның ішінде мерекеде мынадай ұлттық ойындар ойналады:

  • жұмбақ жасыру;
  • жаңылтпаш айту;
  • тоғызқұмалақ;
  • қыз қуу.

Ертеде қазақтар Наурыз мейрамында жүгіру жарысын ұйымдастырғанды ​​ұнататын және оған қатысушылар жалаң аяқ жүгіретін. Бұл дәстүр адамның табаны жерден күш алады деген сенімнен туған.

Мерекеде, әрине, дастархан жаю - басты міндет. Түскі уақытта дастарханға қойылған мерекелік астан ауыз тиген. Асқа бата жасалған. Сонымен қатар, әулеттің үлкендері жиналғандарға да ақ батасын берген.

Жаңа күннің дастарханына арнайы әзірленетін тағам бар. Ол "Наурыз көже" деп аталады. Көженің құрамы жеті түрлі өнімнен тұрады:

  1. Сүт
  2. Бұлақ суы
  3. Дән
  4. Ұн
  5. Тұз
  6. Май
  7. Ет.

Наурыз мейрамында жеті үйді аралап, жеті қонақ үйінен дәм татқан адам келер жылы шексіз бақытқа кенеледі деп есептелген.

Ағаш тостағандағы ағарған
Ағаш ыдыстарға құйылған көже. Көрнекі сурет: Youtube/Dindill studio

Қазақстанда Наурыз қазір қалай тойланып жүр?

Наурыз мейрамының тарихына үңілсек, көңілге қаяу түсіретін сәттер бар. 1926 жылдан бастап дәстүрлі Жаңа жыл мерекесін тойлауға тыйым салынды. 1988 жылы мереке халыққа ресми түрде қайтарылып, "Қазақстан Республикасының мерекелер туралы" Заңына сәйкес "Наурыз 2001 жылы мемлекеттік мәртебеге ие болды.

  • 2009 жылдан бастап мерекелік демалыстың ұзақтығы үш күнге созылды.
  • Мейрам көктемде күн мен түннің теңелетін уақыты, яғни 21 наурыздан 23 наурызға дейін жалғасады.

Көктем мерекесінің бірнеше күн бойы тойлануы бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Адамдар бұл күні жақсылық жасауға, сондықтан жоғарыда аталған дәстүрлерді ұстанады. Мереке қарсаңында әр отбасы үйін тазалайды. Саябақтар мен көшелерде де тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қалалар мен ауылдарда жаппай ағаш отырғызылады. Адамдар жаңа киім алып, ескі-құсқыны тастап, сынғанын жөндеп, қарыздарын өтеп, барлығымен татуласуға тырысады.

Наурыз мерекесіне арналған қойылым
Наурыз мейрамына арналған қыз-келіншектер қойылымы. Көрнекі сурет: Youtube/Dindill studio

Мерекеге орай ұйымдастырылатын мәдени шаралар да мазмұнды:

  • жұлдыздардың қатысуымен концерттер;
  • кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдары дайындаған театрландырылған қойылымдар;
  • дәстүрлі мерекелік тағамдар (палау, бауырсақ, Наурыз көже және т.б.) дайындалады, аспаздық турнирлер өтеді;
  • қолданбалы өнер және асыл тұқымды жануарлар көрмелері;
  • ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

Ірі қалалардың тұрғындарына киіз үй қалашықтарын аралауға мүмкіндік бар. Қалалықтар халықтық салт-дәстүрмен, қолөнермен танысады. Арқан тартушылар мен ақындар, шабандоздар өз өнерлерін көрсетеді. Театрландырылған қойылымдар Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері үшін қызықты мерекелік іс-шара.

Наурыз мейрамы жай ғана ұлттық емес, бүкіл қазақстандықтардың мейрамына айналды. Оны тойлауға республика аумағында тұратын барлық этностардың өкілдері қатысады. Мерекелік этноауылдар арасында орыс немесе неміс халқының үйшігін көру таң қалатын жағдай емес.

Қалаларда ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде қазақтың дәстүрлі тағамдарын оңай табуға болады, олардың ішінде әсіресе:

  • сүзбе мен құрт;
  • сарымай мен жент;
  • ірімшік;
  • шұжық пен қазы аса танымал.

Түркістанға туристер көп келеді. Бұл қалада Наурыз мейрамын кең көлемде қарсы алады. Мұнда киіз үйлер тігіліп, мол жайылады, "Алтыбақан" құрылады. Аспаздар дәмді палау мен наурыз көже әзірлейді.

Тау баурайында тігілген киіз үйлер
Мерекеге арнап қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістанда Наурызды тойлатудың тағы бір ерекшелігі - мұнда түйелер мен жылқылардың көрмесі өтеді.

Дәстүрлі түрде әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Шағын қалалар мен ауылдарда мерекенің ауқымы кішірек болады, бірақ мұнда Наурызды әрқашан ерекше қарсы алады. Әдетте, жергілікті тұрғындар қазіргі қалаларда ұйымдастыру мүмкіндігі бола бермейтін қазақтың дәстүрлі ойындарын өткізеді. Мысалы, бәйге, күрес, аударыспақ ұйымдастырып, көңіл көтереді.

Наурыздағы тай көтеру жарысы
Тай көтерген толағайдың жеңіске жеткен сәті. Көрнекі сурет: Жалағаш ауданының әкімдігі

Жауырыны жерге тимеген қазақ балуандарының ізін жалғайтын жігіттер де жоқ емес. Әз-Еліміздің көптеген аймағында ұйымдастырылатын мұндай сайыстарда алып азаматтардың бой көрсететіні ерекше қуантады. Білек күшін сынап, көптің таңдайын қақтыратын балуандар арасында гір көтеру, тіпті тай, өгіз көтеруден жарыстар өтеді. Мысалы Сыр өңірінің Жалағаш ауданында мұндай сайысты Наурыз мерекесіне орай ұйымдастыру дәстүрге айналып үлгерді. Ауыр салмақты еңсеру екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Мұны білектің қара күші мен рухтың биіктігі деуге болады.

5000 жылдан астам тарихы бар Ұлыстың ұлы күні елімізде бірнеше күн бойы тойланады. Ендеше мейрамды дәстүрге сай, мерекелік көжеден дәм татып, жақындарыңызбен бірге өткізіңіз. Салт-дәстүрді жаңғыртып, жан-жағымызға тазалық жұмысын жасап әрі дәмді тағамдар дайындап, құтты қонақтарыңызды күту арқылы алдағы жылдың табысты болатыны сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1959980-qazaqstanda-nauryz-meiramy-qalai-toilanady/