Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эндокринолог қантты алмастыра алатын пайдалы өнімдерді атады

Опубликовано:

қант
Көрнекі фото: pexels.com

Эндокринолог дәрігер, Doctor телеарнасының сарапшысы Илона Мирзоян қанттың зияны туралы айтып, оны алмастыруға болатын өнімдерді атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Мослента" порталына сілтеме жасап.

Дәрігер адамдарды қанттан толық бас тартуға шақыры отыр. Оның пікірінше, қанттың орнына жеміс немесе жидектен жасалатын пюрелерді пайдаланған жөн.

"Егер тағамның дәмі кірмесе, онда құрамында стевия жапырақтары бар тәттілендіргіштер пайдаланған жөн", - дейді эндокринолог.

Дәрігер қанттың "пайдалы" немесе "зиян" болып бөлінбейтінін атап өтті.

"Бәрі біздің қандай мөлшерде қант тұтынатынымызға байланысты. Ал оның пайдасы қанттың түсіне немесе оның неден алынатынына қатысы жоқ. Біздің ағзамыз қант қандай болса да оны көмірсу ретінде қабылдайды", - дейді Илона Мирзоян қанттың зияны туралы айта келе.

Диетологтар да қанттың аса пайдасы жоқтығын ескере отырып, оны жаппай сатып алмауға кеңес берді.

Айта кетейік, cоңғы уақытта әлеуметтік желілерде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады.

Осыған байланысты еліміздің сауда және интеграция министрлігі кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қант тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Министрлік елімізде қант тапшылығы жоқ екенін, қант өндірісі жалғасып жатқанын және тоқтамайтынын, ал қор толықтырылып отыратынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1962269-endokrinolog-qantty-almastyra-alatyn-paidaly-onimderdi-atady/