jitsu gif

Қазан тұрғыны әйелін жыланмен шатастырып, аяғын сындырды

аяқ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазан тұрғыны әйелін жыланмен шатастырып, темірмен ұрған. Қазіргі уақытта аяғы сынған келіншек ауруханада жатыр, деп хабарлайды kazan.aif.ru.

Қазанның №7 қалалық ауруханасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әйел жыланның суреті бейнеленген пижамамен аяғын көрпеден шығарып ұйықтаған. Сол уақытта күйеуі оны жылан деп ойлап, темірмен соғып-соғып жіберген.

Қазан тұрғыны клиникаға жеткізілді. Дәрігерлер әйелдің аяғының бірнеше жерден сынғанын анықтап, операция жасады. Қазіргі уақытта ол ауруханада тиісті ем алып жатыр.

жылан
Көрнекі фото: pixabay.com

Еске сала кетейік, бұған дейін түсіңізде жылан көру нені білдіретіні туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

Қазан тұрғыны әйелін жыланмен шатастырып, аяғын сындырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.