Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақша түсінетін ит желі қолданушыларын таңғалдырды

Опубликовано:

неміс овчаркасы
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде қазақ тілін түсінетін неміс овчаркасының видеосы тарады. Бұған таңырқаған желі қолданушылары түрлі пікірлер жазуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісінде жария болған видеодан иттің иесінің қазақ тіліндегі бұйрығын екі етпей орындағанын көруге болады.

Үй жануары үйшігінің есігін өзі ашып кіріп, итаяғын алып келуге бұйырған иесінің сөзін жерге тастамайды.

Иттің қазақша түсінетініне таңғалған желі қолданушылары видео авторына ризашылығын білдіруде.

"Иттің қазақша түсінгені керемет!", "Не деген ақылды овчарка", "Жақсы тіл маманы екенсіз", "Қазақы тәрбие алған неміс овчаркасы", "Жаным" десеңіз, нағыз "жаным" екен. Өзі керемет жақсы ғой, мейірімділік сезіледі", - деп сүйсінеді ақылды итке желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1977075-qazaqsa-tusinetin-it-zeli-qoldanusylarynyn-tangaldyrdy-video/

pixel