Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

100-ге келген кейуана ұзақ жасауының сырын көп жалаңаяқ жүргенімен байланыстырды

Опубликовано:

100 жас
Фото: belfastlive.co.uk

Ұлыбритания тұрғыны өзінің 100 жылдығын атап өтіп, ұзақ өмір сүруінің сырын ашты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Belfast Live басылымына сілтеме жасап.

Британиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Белфаст тұрғыны Эмма Кэрнс 1922 жылы 26 шілдеде Ольстер провинциясында дүниеге келіп, бүкіл өмірін сонда өткізуде. Әйел үш ұл, үш қыздың анасы. Қазір 18 немере мен 23 шөбере сүйіп отыр. Жақында өткен жүз жас мерейтойымен құттықтауға бүкіл отбасы мен достары жиналған, ал ең басты сыйлық - патшайым Елизавета II-нің ашық хаты.

Кэрнс өзінің ұзақ жасауын балалық шақтағы өмір салтымен байланыстырады. Оның отбасы өте кедей өмір сүргендіктен, ол еңбекке ерте араласқан.

"Анамыз бізге әрдайым өзінің көп жұмыс істегенін айтып отырады, өйткені ол заман қиын болды. Ол кісі мектепке жалаңаяқ барған, өзінің ұзақ өмір сүруін дәл осымен байланыстырады. Анамыз - өте мықты әйел", - дейді басылымға зейнеткердің қызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1981366-100-ge-kelgen-keiuana-uzaq-zasauynyn-syryn-kop-zalanayaq-zurgenimen-bailanystyrdy/

pixel