Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма

Опубликовано:

Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма
Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма: pixabay.com

Адам өмірден өткен соң, артында естен кетпес естелік дүниелері де қалатыны анық. Солардың бірі – қайтыс болған адамның киім-кешегі. Десе де кей адамдар о дүниелік болған туысының жеке киімі мен заттарын көзінің қарашығындай сақтаса, енді бірі бақилық болған жанның киімдерін киюге болмайды деген ұстанымға сенеді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ аталған сұраққа жауап табуды жөн көрді.

thewom.ru сайтында осы тақырыпқа қатысты көлемді мақала жарық көрген. Онда қайтыс болған адамның киімдерін төмендегі кеңестер бойынша пайдалануға болады деп жазылған:

1. Қайтыс болған адамның киімін киюге болады. Бастысы ол сіздің жаныңызды жабырқатып, о дүниелік болған жақыныңызға деген сағынышты ұлғайтпаса болғаны. Егер адам осы арқылы қайтыс болған жанды қалай да жақындатамын деп ойласа, онда оған психологтың көмегіне жүгінген абзал.

2. Бақилық болған адамның жеке заттарын тек естелік үшін ғана сақтау.

3. Киім-кешекті мұқтаж жандарға немесе жақын туыстарына тарату.

4. Қайтыс болған адамның киімдерін лақтыру, жағу немесе көміп тастау. Бұл кеңеске марқұмды мүлде ұмытқысы келетін адамдар құлақ түрсе болады.

5. Киімдерді сату. Десе де бұл кеңесті көпшілік қайтыс болған адамның аруағын сыйламау әрі ақша үшін сатуға бару деп есептейді. Сондықтан бұл шешімді әркім өз көзқарасына қарай қабылдаған дұрыс.

Қол
Көрнекі фото: pixabay.com

Қайтыс болған адамның киімін не себепті сақтауға болмайды: Психологтар пікірі

Бұл тақырыпқа қатысты психологтардың пікірі күні бүгінге дейін қақ жарылады. Мысалы мамандардың бірі қайтыс болған жанның киімін ұзақ уақыт бойы сақтау дұрыс емес десе, енді бірі жылы естеліктер үшін уақытша сақтауға болады деген пікірді ұстанады. Айтуларынша осы арқылы бақилық болған адамның жақын туыстары оны еске алып, сағыныштарын басады екен.

Десе де кей сарапшылар киімді сақтау өлген адамның өмірде әлі де барына сену деп айтады. Сол себепті мұндай адамдарда күйзеліс пайда болып, ол өмірінде ілгері жылжымай, бір орында тұрақтап қалуы мүмкін дейді мамандар. Қайтыс болған адамның киім-кешегін ұзақ уақыт бойы сақтаған адамдар бақилық болған жақынын түсінде жиі көріп немесе оның әруағын өңінде көргендей болып, дел-сал күй кешеді екен.

Қайтыс болған адамның киімдерін алуға бола ма

Мамандар эзотерика тұрғысынан қайтыс болған адамның киімдері өлген адамның энергиясын бойға жинайды дейді. Сол себепті егер о дүниелік болған жанның киімін кисе, онда оның энергиясы тірі адамға да сіңіп қалуы мүмкін екен. Мұндай энергия адамның көңіл-күйіне тек теріс әсер ететін көрінеді. Сондай-ақ мұндай адам ашушаң, болмашы дүниеге тез ренжитін, күйзеліске жиі түсетін адамға айналуы мүмкін.

Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма
Қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма. Фото: pixabay.com

Қайтыс болған адамның киімінен оның энергиясынан қалай арылуға болады

Егер қайтыс болған адамның киімдерін сақтағыңыз келсе, онда оны "өлі" энергиядан арылтуға тура келеді. Ол үшін қарапайым тұзды пайдалануға болады. Ас тұзын суға көптеп салып, сол суға марқұмның киімдерін малып қоюға болады. Тек осыдан кейін ғана өлген адамның киімдерін жақсылап жуып, күнделікті өмірде кие беруге болады.

Мұсылмандарда қайтыс болған адамның киімін киюге бола ма

Мұсылман елдерінде көп жағдайда бақилық болған жанның киімдерін қайырымдылық мақсатында мұқтаж адамдарға таратып жатады. Марқұмның киім-кешектерін таратуға оның ұрпақтары рұқсат береді. Сондай-ақ мұсылмандарда қайтыс болған адамның киімдерін тек 40 күн өткен соң ғана таратуға болады деген сенім бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1990533-qaitys-bolgan-adamnyn-kiimin-kiyuge-bola-ma/

pixel