Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолыңызды мысық кесіп өтсе не болады

Опубликовано:

Жолыңызды мысық кесіп өтсе не болады
Жолыңызды мысық кесіп өтсе не болады: pixabay.com

Халық арасында жолды ит кесіп өтсе - жақсылықтың белгісі, мысық кесіп өтсе - жамандықтың белгісі деген түсінік қалыптасқан. Көптеген адам, әсіресе жолын қара мысық кесіп өтсе, сол күні жолы болмайды деп сенеді. Аталған тұжырым қаншалықты рас? KAZ.NUR.KZ аталған тақырыпты зерттеп көрді.

meta.ua басылымының мәліметінше, егер жолыңызды мысық кесіп өтсе, оның түсіне мән беру керек екен. Мысалы:

Қара мысық

Көпшілік жолды қара мысық кесіп өтсе, жақсылықтың белгісі емес деп санайды. Алайда өміріңіздегі қиындықтар шешіліп, алда сізді қуанышты күндер күтіп тұр деген сөз болжам да жоқ емес.

Сары мысық

Егер адамның жолын сары мысық кесіп өтсе, онда сізді жақсы жаңалықтар күтіп тұр деген сөз. Бірақ мысықты қуып жібермеңіз.

Сұр мысық

Жолыңызды сұр мысық кесіп өтсе, онда қаржылық өзгерістер орын алады деген сөз және ол өзгерістер оңынан болуы керек. Демек жақын арада сіз қаржылай сыйақы аласыз немесе жалақыңыз өседі деген мағынаны білдіреді.

Жолыңызды мысық кесіп өтсе не болады
Жолыңызды мысық кесіп өтсе не болады: pixabay.com

Ақ мысық

Жолыңызды ақ мысық кесіп өтсе, жолыңыз болды дей беріңіз. Себебі бұл – жақсылықтың белгісі. Мұндайда ішіңізден тілек тілеп, ол көп ұзамай орындалады деп сеніңіз.

Үш түсті мысық

Егер жолыңызды үш түсті мысық кесіп өтсе, онда ол жақсылықтың нышаны, яғни сіз көп үзамай жақсы жаңалық аласыз деген сөз. Егер сіз мұндай мысықты көрсеңіз, онды қуып жіберуге асықпаңыз. Ал үйіңізге үш түсті мысық алсаңыз, онда сіз үйіңізді пәле-жаладан қорғайтын періштені алдым деп есептей беріңіз.

Аталған болжамдарға біреулер сенсе, енді бірі сенбеуі де мүмкін. Сондықтан бәрі өзіңіздің ойыңызбен тікелей байланысты. Сол үшін кез келген оқиғаға позитивті көңіл-күймен қарауды үйреніңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1993351-zolynyzdy-mysyq-kesip-otse-ne-bolady/

pixel