Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жыл қай жануардың жылы және одан не күтуге болады

Опубликовано:

2023 жыл қай жануардың жылы және одан не күтуге болады
Жаңа жылға безендірілген шырша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жақын күндері 2022 жылдың оқиғалар иірімі артта қалады, есік қаққалы тұрған Жаңа жылды адамдар үлкен үмітпен күтеді. Келесі жыл қай жануардың қамқорлығымен өтеді, ол бізге не береді? Астрологтар Пунит Пандей, Стефани Демпси және Сюзан Левитт өз болжамдарын айтты.

Қай жануар 2023 жылдың қолдаушысы болады, оның ерекшеліктері

2023 жыл қай жануардың жылы? Жаңа 2023 жыл ең бейбіт және мейірімді жануарлардың бірі - Қара Су Қоянының қамқорлығымен өтеді. Шығыс күнтізбесі бойынша мұндай тотемдік жануардың жылы 60 жылда бір рет тойланады. Мерекенің ресми күні қысқы Күн тоқырауынан кейінгі екінші аймен және Ай циклімен байланысты. Қоян жылы 2023 жылдың 22 қаңтарында кіріп, 2024 жылдың 9 ақпанында аяқталады. Алдағы 12 айда бақытты өмір сүру үшін сіз осы тотемдік жануардың негізгі ерекшеліктерін біліп, бейімделуіңіз керек. Қоянның мінез ерекшеліктері жылдың жалпы атмосферасына әсер етеді. Олардың ішінде:

  • Мейірімділік, нәзіктік.
  • Талғампаздық, сенімділік.
  • Ашықтық, икемділік.
  • Қырағылық, ұстамдылық.
2023 қандай жануардың жылы және одан не күтуге болады
Қар үстіндегі ақ қоян. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл әйелге тән инь энергиясының әсерімен жұмсақ, ырғақты және тыныш өтеді. Астрологиялық кітаптардың авторы Стефани Демпси судың энергиясы (келер жылдың элементі) қиялға ерік беретін, тыныш әрі мамыражай күйде болады деп есептейді. Бұл күш икемділікті, сезімталдылықты, өнімділікті, күш-қуатты және жоғары түйсікті білдіреді, сондықтан жылдың барлық оқиғасы ақыл-ойдан емес, жүрек арқылы өтуі керек.

Келе жатқан Қоян жылы шығармашылықпен ерекшеленеді. Қара түс оған өзгеру мен белгісіздік, күш пен төзімділік береді. Алдағы жылы басқару планетасы Венера болады, сондықтан көк және күлгін түстің барлық реңкі үйлеседі.

Жылдың сәтті сандары - 2, 4 және 6-ны қамтитын барлық сан, ал жыл саны - 7. Жылдың ең қолайлы мезгілі қыс болады және екі сәтті кезең бар:

  • 2023 жылғы қаңтар-ақпан айлары;
  • 2023 жылдың желтоқсаны – 2024 жылдың қаңтары.

Ай күнтізбесі бойынша маңызды міндеттерді шешуге және жобаларды бастауға қолайлысы 1, 4, 8, 11 айлар болады. 2023 жылдың жалпы сипаттамасын ескере отырып, мынадай ұсыныстарды орындаңыз:

  • Қарым-қатынас орнатуда парасатты болыңыз, эмоцияға ерік бермеңіз.
  • Күмәнді ұсыныстардан аулақ болыңыз.
  • Күнделікті ағынмен емес, нақты өмірлік жоспармен жүріңіз.
  • Өмірде болатын сыртқы оқиғаларға қарсылық танытпаңыз.

Жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алған дұрыс. Дастарқанда қоян етінен жасалған тағамдардың болмағаны жөн. Вьетнам күнтізбесі бойынша келер жыл Қоян және Мысық жылы деп аталады. Карманы жақсарту үшін үй мысықтарына жағдай жасаңыз, иесіз жануарларға жанашырлық танытып, үйіңізге әкелсеңіз болады.

Қоян жылынан өмірдің әр түрлі салаларында не күтуге болады?

Астролог Пунит Панди жыл, түс және стихияның сәйкес келуі сирек құбылыс болғандықтан бұл 2023 жылды ерекше етеді деп санайды. Бұған дейін Қара Су Қоянының жылы 1963 жылы тойланды. Бұл The Beatles тобының гүлденген кезеңі, бейнемагнитофонның жасалуы және бірінші әйел ғарышкердің ғарышқа ұшуы да сол жылы болды.

Қоян жылынан не күтуге болады? Астролог Сюзан Левитт мұны өткен жылғы хаостан кейінгі тыныштық пен демалыс уақыты деп санайды. Бұл кезең мансап пен табыстың өсуінен гөрі романтика және денсаулық сақтау үшін қолайлы.

2023 Қоян жылында қаржылық жағдайдан не күтуге болады?

Қоян жылындағы мансап, қаржы және бизнес айтарлықтай өзгермейді, өйткені оның күші серпіліс жасау үшін жеткіліксіз. Ал еңбекқор, өз ісіне ынта қойған жандар мойындауға, құрмет пен қолдауға ие болады. Қандай да бір қаржылық қиындықты күтудің қажеті жоқ. Ымыраға келу, келіссөздер мен өзара келісімге дайын болу сәтті стратегия болмақ. Кикілжіңдер мен қысым көрсету нәтиже бермейді. Су стихиясы суретшілер мен кәсіпкерлердердің талантын шыңдауға ықпал етеді. Қоян жылында мына мамандықтардың өкілдері үлкен жетістікке жетеді:

  • Тергеушілер мен қорғаушылар.
  • Хатшылар және басшылардың көмекшілері.
  • Дипломаттар мен келіссөз жүргізушілер.

Баспана мәселесі алға жылжиды. Әлі күнге дейін баспанасы жоқ адамдарға жаңа жылда үй алуға, ақша жинауға немесе несие төлеу арқылы пәтерге қол жеткізуге мүмкіндік бар.

2023 қандай жануардың жылы және одан не күтуге болады
Ақша ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 Қоян жылында сұлулық пен денсаулық жағдайынан не күтуге болады?

Қоян өте сезімтал. Оның ішкі әлеміне кез келген күйзеліс әсер етеді. Психологиялық мәселелер асқынып кетпеу үшін 2023 жылы адамдар жалғыздықта өмір сүрмеуі керек. 7 қыркүйек пен 7 қазан аралығындағы Қораз айы деп аталатын кезең маңызды. Осы уақыт аралығы уайымға толы болады және депрессияға әкелуі де мүмкін. Мұнымен күресу үшін сізге күн көзінде көбірек жүріп, спортпен шұғылдану және жағымды эмоциялар қажет.

Су стихиясы бүйрек пен құлақтың саулығына әсер етеді. Су, тұз теңгерімін және салмағыңызды бақылаңыз, ішімдік пен тұзды тағамдардан аулақ болыңыз. Иммунитетті шынығу арқылы күшейтіңіз, медициналық тексеруден өтіңіз. Қоян жылында шамадан тыс физикалық және ой еңбегін жасамаңыз. Йога, медитация және ағзаға жеңілдік беретін су процедураларын жасаңыз.

2023 Қоян жылынан отбасы, махаббат және қарым-қатынаста не күтуге болады?

Романтикалық тұрғыда Қоян жылы тыныштық пен үйлесімде болады. Кеудесі сүйіспеншілікке толы және отбасылы қояндар ұрпақтарына ерекше қамқорлықпен қарайды. Олардың бұл қасиеті серіктерінің, туыстарының, ата-анасының және балаларының қарым-қатынасына жақсы әсер етіп, балалы болуына ықпал етеді. Сондай-ақ Венера сүйіспеншілік пен өзін-өзі бағалауға, ұнамды болу ниетіне оң әсерін тигізеді. Көптеген адам махаббатын кездестіреді, үйленеді. Отбасымен көбірек уақыт өткізуге деген ұмтылыс пайда болады. Шалғайдағы туыстарға баруға мүмкіндік туады. Қоян жылы дүниеге келген балалар ата-анасына қиындық туғызбайды, олар дипломат мамандығы бойынша үлкен жетістікке жетеді, өйткені жақсы келіссөздер жүргізе біледі.

2023 қандай жануардың жылы және одан не күтуге болады
Жаңа туған сәбидің табаны. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылы біз Қара Су Қояны жылын атап өтеміз. Тотемдік жануардың ерекшеліктерін және оның өмірдің әр түрлі саласына әсерін біле отырып, жылдық жоспарды жасауға және аз күш-жігермен қалаған жетістікке жетуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003597-2023-zyl-qai-zanuardyn-zyly-zane-odan-ne-kutuge-bolady/