Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда Наурыздың құрметіне салмағы 160 келі болатын мегалаваш дайындалды (фото, видео)

Опубликовано:

Аспаздар Наманган қаласында 160 келілік лавашты дайындауда
Аспаздар 160 келілік лавашты дайындауда. Фото: podrobno.uz

Өзбекстанның Наманган қаласында Наурыз мерекесіне орай ұзындығы 80 метр, салмағы 160 келі болатын мегалаваш дайындалды, деп хабарлайды Podrobno.uz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің мәліметінше, ең үлкен лавашты дайындауға облыстың түкпір-түкпірінен 100 аспаз келген.

Олар лавашты дайындау үшін 80 келі ет, 40 келі қызанақ пен қияр, 15 келі қуырылған картоп, 20 литр тұздық және басқа да өнімдерді пайдаланған.

Аспаздар Наманган қаласында 160 келілік лавашты дайындауда
Аспаздар 160 келілік лавашты дайындауда. Фото: podrobno.uz

"Дайын лаваштың салмағы шамамен 160 келі болды. Бұған дейін ең үлкен лаваш Ташкентте дайындалған еді, оның ұзындығы 31,5 метр болған", - деп жазады басылым.

Аспаздар Наманган қаласында 160 келілік лавашты дайындауда
Аспаздар 160 келілік лавашты дайындауда. Фото: podrobno.uz

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Калифорния штатында әлемдегі ең үлкен пицца пісіріліп, Гиннестің рекордтар кітабына енген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2013905-ozbekstanda-nauryzdyn-qurmetine-salmagy-160-keli-bolatyn-megalavas-daiyndaldy-foto-video/

pixel