Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтық деміне дейін бірге болам": 11 мысығымен бірге саяхатқа шыққан ер адам көптің назарына ілікті

Опубликовано:

Демалып жатқан мысықтар
Мысықтар. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Арбалы мотоциклде 11 мысығымен саяхаттап жүрген Таиланд тұрғыны көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Mothership-ке сілтеме жасап.

Чувонг Тепконы көпшілік "Самсен аға" деп атайды. Жуырда Чувонг жыл сайын ұйымдастырылатын жайма базарда әшекейлер сату үшін Бангкоктан Коратқа сапар шеккен болатын.

Мотоциклде жол жүріп келе жатқан адам
Мотоцикл жүргізушісі. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

300 километр

18 наурызда Facebook әлеуметтік желісіндегі Kingdom of Tigers парақшасында мысықтарымен танымал болған Тепко жайлы жазба жарияланды.

Арба жанындағы ер адам
Мысықтардың иесі. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Жазбадағы ақпаратқа сенсек, ер адам мысықтарымен бірге 300 километрлік саяхатқа шыққан. Жазба авторы желі қолданушыларын Тепконы кездестіріп қалған жағдайда, оған қолдау көрсетіп, мысықтарға арналған жем беруді сұраған.

Мысық иесі
Мотоцикл жүргізушісі. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Thethaiger.com хабарлауынша, кей адамдар мысыққа арнайы тамақ, ойыншықтар және басқа да қажетті заттарды беріп, көмек көрсеткен. Ал Facebook-те мысықтар туралы танымал парақша Kingdom of Tigers Чувонгқа мысықтарымен саяхаттауы үшін тіпті қаражат жинап, арбасы бар мотоцикл сатып алып берді.

Бес сағаттық жолда Тепко мен оның мысықтарын тіпті Кораттағы құтқару тобы қалаға дейін жеткізуге көмектесіп, 19 наурызда олар Коратқа аман-есен келді.

Мысық
Мысық. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Amarin TV арнасына берген сұхбаты

Тепко Amarin TV-ге берген сұхбатында Кораттағы жыл сайын өтетін жайма базарға араға үш жыл салып барғанын айтқан.

Мысықтарға арналған арба
Мысықтар. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Себебі Ковид-19 пандемиясы салдарынан жайма базар соңғы үш жыл бойы жұмыс істемеген көрінеді.

Чувонгтың айтуынша, оның туған жері Коратты көрмегеніне 26 жылдың жүзі болған. Туған өлкесін сағынған азамат мысықтарын да өзімен алып баруды ұйғарған.

Мысықтар
Мысықтар. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Тепко — 1997 жылы экономикалық дағдарыс салдарынан банкротқа ұшыраған құрылыс компаниясының бұрынғы иесі. Ол көршілері және достарының мазағына шыдай алмай, үйден кетіп, Бангкокқа жол тартқан.

Осылайша Бангкокта қалып, күнкөріс үшін қолда бардың бәрін сатып жіберген.

Қазір Тепко жайма базарда әшекейлер сатады және қоқыс өңдеп, Бангкоктағы қайта өңдеу зауытына тапсырып, нәпақасын тауып жүр.

Мысық иесі
Мотоцикл жүргізушісі. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Мен ешқашан "балаларымды" сатпаймын

Қаржылық қиындықтарға қарамастан, Тепко мысықтарын бәрінен де артық жақсы көретінін және оларға балаларындай қарайтынын айтады.

Мысықтар
Мысықтар. Көрнекі сурет: Facebook / Kingdom of Tigers

Алдымен мысықтары азықтансын деп кейде өзі аш қалған кездері де болды. Ол мысықтарын ешқашан сатпаймын деп өзіне уәде берген.

"Бірде біреу Тонг Квакты (мысықтарының бірі) 20 000 батқа сатып алғысы келген еді, бірақ мен бұл адам оған қамқор болудан шаршап, оны тастап кете ме деп қорқып, мысығымда сатудан бас тарттым. Мен мысығыммен ақтық деміне дейін бірге болғым келеді", – деді Тепко Amarin TV-ге берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2014294-aqtyq-demine-deiin-birge-bolam-11-mysygymen-birge-sayaxatqa-syqqan-er-adam-koptin-nazaryna-ilikti-foto/

pixel