jitsu gif

Құны 20 млн теңге: шетелдік компания метеориттен жасалған сөмкені сатылымға шығарды

Метеориттен жасалған сөмке
Метеориттен жасалған сөмке. Скриншот: coperni.com

Франциялық Coperni компаниясы жерге құлаған метеориттен жасалған Mini Meteorite Swipe атты сөмкесін шығарды. Сөмке мөлшері шектеулі. Мұндай бір сөмкенің құны 40 мың еуродан (20 миллион теңге) басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coperniparis.com сайтына сілтеме жасап.

Дизайн авторлары сөмкені "археологияны және дизайн саласын, классика мен қарабайыр өнерді біріктіретін нәзік композиция" деп сипаттайды. Бренд өкілдерінің айтуынша, әрбір данасын шебер өз қолымен жасаған.

Mini Meteorite Swipe сөмкесінің бағасы 40 000 еуродан басталады. Сөмкенің құны қай метеориттен жасалғанына байланысты өзгеруі ықтимал - кей жағдайда бастапқы бағасы одан да қымбат болуы мүмкін.

Метеориттен жасалған сөмке
Метеориттен жасалған сөмке. Фото: coperni.com

Сөмкенің әр данасы үшін жеке метеорит қазып алынады және оны қазып алуға рұқсат берілген арнайы сертификаты бар. Мысалы, Coperni компаниясының ресми сайтында ұсынылған сөмкенің үлгісі жерге 55 мың жыл бұрын түскен метеориттен жасалған.

Бір сөмкені жасау үшін алты апта қажет. Пішіні бойынша Coperni компаниясы шыныдан жасайтын Swipe сөмкелерінің үлгісіне ұқсайды, бірақ метеориттен жасалған әр сөмкенің өлшемі мен түсі сирек кездесетін материалдың ерекшеліктеріне байланысты сәл өзгеше болуы мүмкін.

Құны 20 млн теңге: шетелдік компания метеориттен жасалған сөмкені сатылымға шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.