jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ата-анасы 5 жасар қызын мектепке баруға ынталандыру үшін оған "Гелендваген" сыйлады (видео)

5 жасар қызға сыйға тартылған "Гелендваген" көлігі
5 жасар қызға сыйға тартылған "Гелендваген" көлігі. Видеодан кадр: farhanazahra91/TikTok

Малайзияда ерлі-зайыптылар бес жасар қызын мектепке қайта оралуға көндіру үшін оған Mercedes G Wagon көлігін сыйға тартқан.

The sun сайтының жазуынша, 5 жасар Фатима ауырып қалғаннан кейін мектепке қайта баруға ынтасы болмаған.

Дегенмен, кішкентай қыз егер ата-анасы туған күніне сәнді көлік сыйласа, ол мектеп қайта баруға уәде берген.

Осылайша, ата-анасы қызының қалауын орындап, оның бес жасқа толуына орай және мектепке қайта баруға ынталандыру мақсатында Фатимаға Mercedes G Wagon көлігін сыйға тартқан. Бұл сәттің видеосын Фатиманың кәсіпкер анасы Фархана Захра TikTok парақшасында бөліскен.

MalayMail хабарлауынша, Фатима биыл қаңтар айынан бастап мектепке баруды тоқтатқан, ол ауруына байланысты үйде отыруға мәжбүр болған.

Алайда қыз баланың жағдайы жақсарғанымен, ол ата-анасына әлі кішкентай екенін айтып, мектепке оралғысы келмеген.

Ата-анасы 5 жасар қызын мектепке баруға ынталандыру үшін оған "Гелендваген" сыйлады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.