Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес күнде 120 тонна су": қонақ үй иесінен кек алмақ болған ерлі-зайыпты оны коммуналдық шығынға батырып кеткен

Опубликовано:

Су ағып тұрған су құбырының шүмегі
Су ағып тұрған су құбырының шүмегі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда Сеуіл қаласында қыдырып келген қонақтар вилла қожайынына наразы болып, кек алу мақсатында мүмкіндігінше көп су, электр және газ жұмсауға тырысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ odditycentral.com сілтеме жасап.

Вилла қожайынының айтуынша, қытайлық ерлі-зайыпты Airbnb сайты арқылы 25 күнге Оңтүстік Корея астанасындағы виллаға орналасқан жерін тексермей тапсырыс берген. Бірақ клиенттер демалыс орнының алыс жерде орналасқанын білгеннен кейін қала орталығына баруға ыңғайсыз екенін айтып, вилла иесінен ақшаны қайтаруды талап еткен. Алайда ол нөмір мен брондалып, төлем жасалғанын алға тартып, ақшасын қайтарудан бас тартты. Ерлі-зайыпты вилла иесінің сөзіне көнгендей болғанымен, іс жүзінде олар кек алуды жоспарлаған.

Алғашында вилла қожайыны қонақтарынан әдеттен тыс ештеңе байқаған жоқ, қонақтар бар болғаны үй ішінде қауіпсіздік камералары бар-жоғын сұраған екен. Вилла қонақтары 25 күн ішінде үйге әр үш-төрт күн сайын бес минутқа ғана кіріп шығатын, көбіне елдің әр түрлі аймағында саяхаттаған.

Газбен қамтамасыз ету компаниясы вилла қожайынына газдың тым көп тұтыну дерегі анықталғанын хабарлаған. Осылайша вилла иесінің мойнына ірі көлемдегі коммуналдық төлемдер артылған. Сонымен қатар ерлі-зайыпты екі ай бойы сегіз ересек адамға жететін су мөлшерін және электр қуатын пайдаланғаны анықталды.

Қытайлық ерлі-зайыпты қонақүй иесінен кек алу мақсатында 120 тонна суды пайдаланған
Қытайлық ерлі-зайыпты қонақүй иесінен кек алу мақсатында 120 тонна суды пайдаланған. Көрнекі сурет: odditycentral.com

"Олар бес күнде 120 тонна су пайдаланған", - деді үй иесі.

Airbnb бұл жағдайда ешқандай көмек көрсетпеген соң, вилла иесі газ, электр және суға кеткен үлкен шығынды өзі төлеуге мәжбүр болған.

Бұл оқиға саяхатшылардың Airbnb ережелерін өз пайдасына асыруының тағы бір үлгісі болды. Алайда мұндай жағдайлар үй иелерінің бизнесі мен қаржылық әл-ауқатына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Airbnb өкілдері болашақта ондай оқиғаның алдын алу шараларын қабылдауға уәде берді.

Сондай-ақ бұл оқиға БАҚ-тың назарына ілігіп, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік ерлі-зайыптының әрекетін даттаған. Пікір қалдырушылар бұл адамның сеніміне дақ келтіретін және этикаға қайшы әрекет деп таныды.

Бірақ саяхатшыларды қолдағандар да болды. Олардың пайымдауынша, вилла иесі келісімге келіп, қонақтарының шағымына құлақ асуы керек еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2017820-bes-kunde-120-tonna-su-qoldangan-qonaq-ui-iesinen-kek-almaq-bolgan-erli-zaiypty-ony-kommunaldyq-sygynga-batyryp-ketken/

pixel