Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғарыдан медбикенің тірілтпек болғанын бақыладым:" 28 минутқа өлімді бастан өткерген бапкер өзінің көргендерін айтты

Опубликовано:

Филл Ждибель
Филл Ждибель. Фото: Facebook/Phillip Zdybel

Австралияның Джелонг қаласындағы баскетбол матчы кезінде таэквондо бапкері Филл Ждибель жүрек талмасынан кейін 28 минутқа клиникалық өлімді бастан өткеріп, өзінің көргендерін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 57 жастағы таэквондо нұсқаушысы Филл Ждибель жүрек талмасынан кейін есінен танып қалған.

Басылымның жазуынша, Филдің ұлы Джошуа бірден жедел жәрдем шақырған. Бірақ сол жерде жүрген еңбек демалысындағы медбике дәрігерлер келгенше, оған алғашқы көмек көрсете бастаған. Медбикеге басқа адамдар дефибриллятор тауып берген.

Осы сәтте клиникалық өлімді бастан кешірген Филл кейін қайта есін жиғанда көргендерін "денеден тыс болды" деп сипаттап, өзін баскетбол алаңында денесінің үстінде қалқып бара жатқандай сезінгенін айтқан.

Филдің сөзінше, ол өз денесін жоғарыдан көрген және медбикенің оны тірілтпек болғанын бақылаған.

Килинкалық өлім жағдайына түскен бапкер бірнеше күннен кейін ауруханада есін жиған. Ол өзінің аман қалуына жақсы физикалық формасы көмектескеніне сенімді. Ер адам бұл оқиғадан кейін оның өмірге деген көзқарасы өзгергенін атап өтті.

"Бізді алаңдататын барлық ұсақ-түйек дүние, оған татымайды", - дейді Филл Ждибель.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2018439-zogarydan-medbikenin-meni-tiriltpek-bolganyn-korip-turdym-28-minutqa-olimdi-bastan-otkergen-bapker-ozinin-korgenderin-aitty/

pixel