Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы ай мен күннің тұтылу кезеңі қашан болады

Опубликовано:

Күннің тұтылуы
Күннің тұтылған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ай мен күннің тұтылған сәті сонау замандардан бері адамдардың алаңдаушылығын туғызып келеді. 2023 жылы ай мен күннің тұтылуы қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Астролог Энни Хиз тұтылу құбылысы болған кезде не істеу керегі жөніндегі кеңестерін бөлісті.

Бұл мақаладан сіз мына ақпараттарды біле аласыз:

  1. 2023 жылғы айдың тұтылу кестесі, оның адамға тигізетін әсері.
  2. Күннің тұтылу кезеңі және оның адамға әсер етуі.

2023 жылы болатын айдың тұтылу кезеңдері және оның адамға тигізетін әсері

Жер тұрғындары жыл сайын әлемнің әр түкпірінен тұтылу құбылыстарына куә болып жатады. Ай мен күн бір жыл ішінде екі немесе жеті рет тұтылуы мүмкін. Биылғы болжам бойынша тұтылу құбылысы төрт рет болуы ықтимал. Оның екеуі күнге қатысты болса, екеуі айдың тұтылуымен байланысты.

2023 жылғы Айдың тұтылу кестесі қандай?

2023 жылы Ай қашан тұтылады? Almanac.com сайтының хабарлауынша, биыл Айдың тұтылуы көктем мен күзде, яғни 5 мамыр мен 28 қазанда деп күтіледі. Оның біріншісі Сарышаянда, екіншісі Торпақта өтеді.

Көктемгі Айдың тұтылуы (5 мамыр) жартылай көлеңкелі болып көрінеді. Бұл Айдың толық жасырынбайтынын және оның шағылысқан сәулесі аздап көмескіленетінін білдіреді. Тұтылу құбылысы Еуропада, Ресейде, Азияда, Африкада, Австралияда және Антарктидада байқалады. Бұл құбылысты телескоппен және аспан бұлтсыз ашық болған кезде жай көзбен көруге болады.

Айдың тұтылуы
Айдың тұтылған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарышаянда болатын тұтылудың кармалық міндеті - дағдарыс, ауырсыну және трансформация арқылы тұрақтылық пен қанағат, позитивке жету. Дүние жүзінде ресурстар қайта бөлінеді, ал жазғы ауа райы құрғақ және ыстық болуы ықтимал.

Күзгі тұтылу сәті де (28 қазан) жартылай көлеңкелі болмақ. Оны барлық континент тұрғындары тамашалай алады. Бұл тұтылу құбылысы жеке табысыңызға сенім артуға, несие алмауға, Торпақ сияқты жинақтауды, жақсыға ұмтылуды үйренуге мәжбүр етеді. Жаһандық мағынада қарасақ, бұл құбылыс әлемдік деңгейде әсер етеді, бизнесті қозғайды және егіннің шығымдылығына теріс әсерін тигізуі ғажап емес.

Айдың тұтылуы адамға қалай әсер етеді?

Айдың тұтылуымен байланысты сезімнің, оқиғалардың және маңызды сәттердің белгілі бір спектрі бар. Бұл кезеңде мынадай жағдайлар жиі байқалады:

  • Күдіктің, мазасыздықтың, депрессияның күшеюі.
  • Эмоционалдық тұрғыда шамадан тыс қозу, шамадан тыс агрессия.
  • Қан қысымның тұрақсыз болуы және кеуденің қысылуы.
Шаршап отырған қыз
Шаршап, құлазып отырған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тұтылу кезеңі бірқалыпты өтуі үшін әрі қандай да бір мәселенің алдын алу мақсатында не істеу керек және нені жасамаған дұрыс? Мына кеңестерге мән беріңіз:

  • Бұл құбылыс басталғанша және одан кейінгі үш күн бойы жаңа істі бастамаңыз.
  • Маңызды шешімдер қабылдамаңыз және құжаттарға қол қоймаңыз.
  • Қайтып оралатын ниетіңіз болмаса ғана жұмыстан шығыңыз. Жаңа жұмысқа тұтылу құбылысы өткеннен кейін 5-7 күннен соң кірісіңіз.
  • Қарызға ақша, зат алмаңыз.
  • Арандатуға, кикілжіңге жол бермеңіз.
  • Жоспарлы түрде өтетін хирургиялық оталарды кейінге шегеріңіз.

Астролог Энни Хиз мамыр айындағы тұтылу құбылысы Тоқты, Шаян, Таразы және Тауешкі белгілерінің өкілдеріне әсерін тигізетінін айтады. Қазан айы Торпақ, Арыстан, Сарышаян және Суқұйғышқа әсер етеді.

2023 жылғы күннің тұтылуы және оның адамға әсері

Тұтылу құбылысы көбінесе жаңа ай туғаннан толғанға дейінгі кезеңді қамтиды әрі жұптасып, дәліз құру арқылы жүреді. Айдың тұтылуы жаңа айда, ал күннің тұтылуы ай толған кезде болады. Күннің екі рет тұтылуы адамдарға қалай әсер етеді және бұл құбылыстар қашан болады?

Күннің тұтылу кестесі

2023 жылы күннің тұтылуы қашан болады? Болжам бойынша биыл көктемгі және күзгі күн тұтылуы күтіледі. Бірі 20 сәуірде Тоқтыда өтеді делінсе, екіншісі 14 қазанда Таразыда болмақ.

20 сәуірдегі көктемгі күннің тұтылуына сақина тәрізді, толық, гибридті болады деп болжам жасалды. Мұндай құбылыс енді 2041 жылы болады деп топшыланып отыр. Ол әлемнің кейбір нүктелерінен толық болып көрінеді, ал басқа жерлерде айдың айналасындағы жарық сақинаға ұқсап тұрады. Бұл құбылыс әсіресе Австралияда, Үнді мұхитының шығыс бөлігінде және Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі аралдарда байқалады.

Тұтылу құбылысы
Ай мен күннің тұтылуы – табиғаттың ерекше құбылысы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тоқты бойынша тұтылу құбылысының кармалық міндеті даралықты дамыту, шығармашылықты ашу, бәсекелестікке ұмтылумен байланысты делінеді. Жаһандық кеңістікте жаңа одақтар, келесімшарттар мен ниеттес адамдар қажет болады.

14 қазанда күннің күздегі тұтылуы Айдың Жер-Күн орбитасындағы қозғалысымен байланысты және күн сәулесін уақытша жасырады. Ай бүкіл күн дискісін жаба алмайды, сондықтан оның айналасында қайтадан жарқыраған сақина пайда болады. Бұл табиғи құбылыс Оңтүстік және Орталық Америкада көбірек байқалады.

WION басылымы мұның 14 қазаннан 15-іне қараған түні болатынын жән нақты мезетін уақыт пен уақыт белдеулеріне арналған Time and date жетекші веб-сайты арқылы көруге болатынын жазады. Мұндай оқиға адамдардан өзін-өзі дамытуды, тепе-теңдікті сақтауды талап етеді.

Күннің тұтылуы адамға қалай әсер етеді?

Күннің тұтылуы адамдарға қатты әсер етеді, күнделікті іс-әрекет бағытын және көңіл-күйді өзгертеді. Күннің тұтылуымен байланысты болатын ықтимал белгілер мыналар:

  • Ойланып әрекет ету қабілетінің төмен болуы.
  • Қаржылық есептер бойынша қателіктер болуы ықтимал.
  • Адамдар арасында кикілжің мен күйзелістің артуы.
  • Жүрек-қантамыр ауруларының өршуі.
  • Балалардың ұйқысыздығы, ересектердің сезімталдығы.
  • Көңіл-күйдің нашарлауы, тітіркену және шаршау.
Көңілсіз қызметкер
Көңіл-күйі жоқ қызметкер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күннің тұтылу кезеңінде мына кеңестерге мән берген жөн:

  • Денеңізді шынықтырып, спортпен шұғылданыңыз, жүгірумен айналысыңыз, фитнес орталығына барыңыз.
  • Жағымсыз мінез бен жаман әдеттерден арылыңыз.

Егер сіз күнің тұтылған сәтін көзбен көргіңіз келсе, күннен қорғайтын көзілдірік кимеген абзал. Күн дискісіне өңделмеген фотопленка немесе компьютерлік дискет арқылы қараңыз. Сондай-ақ танымал бейнехостинг немесе обсерватория веб-сайтында осы құбылыстың көрсетіліміне қосылуға болады.

Эзотерикалық тұрғыдан алғанда тұтылу құбылысы – адамзат өміріне түзетулер енгізе алатын қуатты құрал. Қиындықтар мен бақытқа толы мүмкіндіктер болуы ықтимал, сондықтан да осы бір сәтті пайдаланып, сипаттамаларға жіті мән беру арқылы маңызды күндерге дайын болыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2019063-2023-zyly-ai-men-kunnin-tutylu-kezeni-qasan-bolady/

pixel