Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отан қорғаушылар күніне арналған ерекше құттықтау-тілектер

Опубликовано:

Мерекелік шеру
Салтанатты шеруге қатысқан сарбаздар. Көрнекі сурет: el.kz

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Ер-азаматтардың құрметіне арналған бұл мереке егемен елдің қорғаныс қуатын, бекемдігін көрсетеді. Бұл жазбамызда шекарасын кірпік қақпай күзеткен, елдіктің алауын маздатып жүрген Отан қорғаушыларға құттықтау тілектерімізді арнаймыз.

7 мамыр мерекесінің тарихы қай кезден басталады?

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ел ішінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Соның бірі - елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қарулы күштерге, әскери қызметкерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналды.

Отан қорғаушылар күні "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің бірі болып саналады. Мұның үлкен әлеуметтік және саяси маңызы бар.

1992 жылы 7 мамырда Президент Н.Ә.Назарбаев қол қойған Жарлық негізінде Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.

Бүгінгі күні 7 мамырда Қазақстанда тұратын барлық ер адамды құттықтау дәстүрге айналып кетті.

Отан қорғаушылар күніне қандай құттықтаулар айтуға болады?

Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Қайсар, батыр адамның жанымда жүргенін мақтан етемін. Сіз мемлекетіміздің ғана емес, отбасыңыздың, достарыңыз бен әріптестеріңіздің тірегісіз! Өмірде қуанышты сәттеріңіз көп болсын! Мерекеңізбен!

***

Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын! Жанарыңызда сенімнің оты лауласын! Ал жүрегіңіз халқыңызға деген махаббатқа толы болсын! Біздің әскерімізге сіз сияқты адамдар қажет. Себебі қазақ жерін мекендейтін әрбір адам өмірін сіз секілді ержүрек қорғаушыларға сеніп тапсырып, тыныш ұйықтай алады. Мейрамыңызбен!

***

Құрметті Отан қорғаушылар! Бейбіт күніміз бен балаларымыздың күлкісі үшін, тыныш өміріміз үшін әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді. Өз мемлекетіңді, халқыңды қорғау құрметіне ие болу қандай бақыт!

***

Әрбір ер-азамат қорғаушы болып жаратылған. Ол - Отанының, отбасының қорғаны. Құрметті Отан қорғаушылар, мереке құтты болсын! Шаңырағыңыздан ынтымақ пен береке кетпесін!

***

Аға буын мен жас ұрпақтың Отанымызды қорғау жолында айтулы үлес қосып жүргенін әрқашан мақтан тұтамыз. Еліміздің келешегі үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен бейбіт өмір тілейміз!

***

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, бейбіт тірлігімізді көз ілмей күзеткен, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

7 мамыр мерекесімен құттықтауға арналған өлең жолдары

Ер-азаматтарды қандай өлең жолдарымен құттықтауға болады? zharar.com сайтында мынадай құттықтау шумақтары берілген:

Отан қорғаушы жігіттер,

Өмірлерің жандансын.

Абыройың асқақтап,

Бүкіл әлем таңдансын.

***

Отан қорғар жігіттер,

Қанаттарың талмасын.

Саулықтарың мықты боп,

Бақыт тапсын жалғасын.

***

Ағаларым айбынды,

Құттықтаймын сіздерді.

Жадырасын жаныңыз,

Қорғаушылар ізгі елді.

***

Қазағым менің ұлы елім,

Ғаламның ашқан түнегін.

Кең байтақ алтын өрісім,

Өзіңдей асқақ жүрегім!

Жас ұландар, жас қырандар,

Еркін елдің түлегіміз.

Көркейе бер, гүл еліміз,

Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,

Жалындап тұр жүрегіміз.

Мен сенің бастау бұлағың,

Өзіңе шашу бұл әнім.

Сап түзеп шықты нық басып,

Қырандай берік ұланың.

Сен маған жұмақ бағысың,

Бар әлем сені танысын!

Ант берем мәңгі қорғауға,

Алаштың арын, намысын!

Алға қазақ жігіттері

Авторы: Ержан Серікбаев

Асыл текті туған,

Алаш кегін қуған.

Ерлерім ел үшін,

Белін бекем буған.

Ақ білек күшімен.

Ақ найза ұшымен,

Қорғаған бабамның,

Үлгі алып ісінен.

Алға, алға, алға қазақ жігіттері,

Сенім артқан жансын халық үміттері.

Көк аспанда желбіресін көк байрағың,

Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.

Жігіттер, жігіттер,

Биікке өрлеңдер.

Ел үшін, жер үшін,

Намысты бермеңдер.

Нардың күші дарып,

Жүрек дүрсіл қағып.

Жетіңдер жеңіске,

Шаршы топты жарып.

Әлеуметтік желі немесе хабарлама арқылы құттықтау

Егер араңыз шалғай болса, әлеуметтік желі мен ұялы байланыстың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Отан қорғаушылар күнімен құттықтаңыз. Мереке қарсаңызда Отан қорғаушыға деген құрметіңізді қысқа хабарлама арқылы да білдіре аласыз. 7 мамырда қандай қысқа құттықтаулар жолдауға болады?

  • Отан қорғаушы күні құтты болсын! Сен нағыз қазақтың батырысың! Біз сені мақтан тұтамыз!
  • Сендей ержүрек азаматтар тұрғанда елдің ұйқысы тыныш! Мейрамыңмен!
  • Отаныңның адал перзенті бол! Мейрамыңмен!
  • Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Қырандай биік самғай түс! Халқың сені мақтан тұтсын!
  • Қазақ елінің өзіңдей батыл, сенімді адамдардың қамқорлығында болғаны үшін алғыс білдіремін! Отан қорғаушы құтты болсын!

Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні жұмысы әскери қызмет байланысты ерлер мен әйелдер үшін мереке болып саналады. Қазақстан халқы өз қорғаушыларын құрметтеп, жыл сайын салтанатты шаралар өткізіп келеді.

Қазақ даласының жауынгерлері ғасырлар бойы ерлігімен, табандылығымен және батылдығымен ерекшеленді. Бұл - Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің белгісі. Отан қорғаушы азаматтарды міндетті түрде мерекемен құттықтаңыз, өйткені олардың ел алдында атқарып жүрген еңбегі ерен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2019683-otan-qorgausylar-kunine-arnalgan-erekse-quttyqtau-tilekter/

pixel