jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Бір порциясы 6 696 доллар": әлемдегі ең қымбат балмұздақ туралы не білеміз (видео)

балмұздақ
Балмұздақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Жапонияның Cellato брендінің балмұздағы әлемдегі ең қымбат балмұздақ ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. Тәттінің бір порциясы 873 400 иен немесе 6 696 доллар тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Guinnessworldrecords сайтына сілтеме жасап.

Балмұздақ сирек кездесетін ингредиенттерден жасалғандықтан өте қымбат саналып отыр.

Оның құрамындағы басты ингредиенттердің бірі - Италияның Альба аймағында өсетін, бір келісі 15 192 доллар тұратын сирек кездесетін ақ трюфель болып табылады. Сондай-ақ оның құрамында пармезан ірімшігі мен сакэ езбесі бар. Ал балмұздақтың беті жеуге болатын "алтын" жапырақтармен безендірілген.

Жапондық Cellato брендінің басты мақсаты әлемдегі ең қымбат балмұздақ жасау ғана емес, еуропалық және жапондық ингредиенттерді бір балмұздақтың ішінде біріктіру еді. Ол үшін Cellato компаниясы өзінің фьюжн тағамдарымен танымал Осакадағы RiVi мейрамханасының аспазшысы Тадаёси Ямаданы шақырған.

Дегустацияға қатысқан Cellato қызметкерлерінің айтуынша, балмұздақты жеген кезде алдымен ақ трюфельдің иісі мен дәмі сезілді. Кейін ірімшіктің дәмі келеді. Ал сакэ езбесі құрамы бай балмұздақтың дәмін толықтырып тұрғандай.

"Бұл балмұздақты әзірлеу үшін бізге 1,5 жылдан астам уақыт қажет болды, оның дәмін келтіру үшін түрлі әдістерді қолдандық, қателіктерге де жол бердік. Десе де, Гиннестің рекордтар кітабына енгеніміз бар салған күш-жігерімізді ақтады", - дейді Cellato өкілі.

"Бір порциясы 6 696 доллар": әлемдегі ең қымбат балмұздақ туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.