Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маусым айына арналған Ай күнтізбесі: Ай фазалары бойынша қолайлы және қолайсыз күндер

Опубликовано:

Күнтізбе
Күнтізбедегі күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астрологиялық аспектілерге сәйкес биылғы маусым айы қалыпты өтеді. Мамандар ойға алған ісіңізді, демалыс уақытын Ай күнтізбесіне сүйене отырып жоспарлауға кеңес береді. Ең қолайлы күндерді астролог Лиза Стардаст айтып берді.

Бұл жазбада мынадай ақпараттар қамтылған:

  1. 2023 жылдың маусым айындағы Ай фазалары.
  2. Маусымдағы Ай фазаларының адам өмірінің маңызды кезеңдеріне әсері.

2023 жылғы маусым өсіп келе жатқан ай фазасынан басталады. Бұл жоспар құрып, оны жүзеге асыруға қолайлы кезең. 2023 жылдың маусым айында өсіп келе жатқан ай күндері қашан болады? Ай циклінің бұл фазасының үш кезеңі бар:

  • 1–3 маусым.
  • 19–25 маусым.
  • 27-30 маусым.

Астролог Лиза Стардаст жұмысыңыз қаншалықты қиын болса да, бір орында тұрып қалмауға кеңес береді. Ай толғанға дейін әрекет етіңіз, басқа адамдардың ісінен үлгі алып, шабыттаныңыз, мотивациялық кітаптар оқыңыз, оқу курстарына қатысыңыз, имидж бен денсаулығыңызды жақсартыңыз.

Айдың толған сәті
Бұлт арасынан көрінген толық Ай. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылдың маусым айында ай қашан толады? Almanac.com редакторы Кэтрин Бекманн маусымдағы айдың толуы 4 маусымда Мерген белгісінде болатынын айтады. Ол бұған құлпынай деген атау берген. Starwalk space басылымының нұсқасы бойынша бұл құбылыс жылдың маңызды астрологиялық оқиғаларының тізіміне енгізілген.

Ол кәдімгі толық ай емес, өйткені Айдың орбитасы Жерге жақын болғандықтан, адамдардың көзіне үлкен жарық дискі секілді көрінеді. Осы аралық қымбат тауарлар сатып алуға, несие алып, депозит ашуға тамаша кезең деп айтылады. Кемімелі айға дейін жайлы болашаққа арнаған инвестицияңызды толықтыра түсіңіз.

Кемімелі ай фазасы екі кезеңнен тұрады:

  • 5–9 маусым.
  • 11–17 маусым.

Ай толғанға дейін осы аралықтағы жұмыстарыңыздың нәтижесіне көз жүгіртіңіз, жағымсыз эмоция мен ойлардан және қарыздардан құтылыңыз. Маусымдағы жаңа туған ай (18 маусым) Егіздерде болады әрі айдың тууы жаңа қуат сыйлайды деп күтіледі. Бұл кезде қолға алған істерді аяқтап, шілде айына жоспар құру жеткілікті. Ай туған күні қалыпқа келу, тазару, сананы тыныштандыруды қолға алыңыз.

Маусым айының Ай күнтізбесі тағы бірнеше маңызды кезеңдерді қамтиды:

  • Үшінші кезең - сенбі, 10 маусым, Ай Балықтарға ығысады. Бұл уақытты қыңыр адамдармен және артық салмақпен қоштасатын, тазалық жасайтың және қарыздарды қайтаратын уақыт деуге болады.
  • Бірінші кезең - дүйсенбі, 26 маусым, Бикештен шыққан Ай Таразыға өтеді. Бұл - байланыс орнатуға, қандай да бір дүниені үйренуге, шығармашылықпен айналысуға және есеп-қисапты төлеуге арналған күн.
Жаңа туған Ай
Жаңа туған Ай көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маусым айында Ай фазаларымен үйлескен астрологиялық аспектілерді де қарастырған жөн. Олардың да өзіндік әсері бар:

  1. Арыстандағы Венера (5 маусымнан бастап). Ай толғаннан кейін жаңа романтикалық байланыс орнатуға жақсы уақыт.
  2. Егіздердегі Меркурий (11-27 маусым) кемімелі Айда болады. Жаңа танысулар мен ортаны өзгерту үшін тамаша кезең.
  3. Күннің Шаян белгісіне өтуі және өсіп келе жатқан Аймен тұспа-тұс келетін жазғы күн тоқырауы (21 маусым) отбасылық және достық байланыстарды нығайту үшін қолайлы мезет болып есептеледі.
  4. Өсіп келе жатқан Айда Меркурийдің Шаянға өтуі (28 маусымнан бастап) түйсіктің мықты болуына және айтылған сөздердің маңыздылығының артуына ықпал етеді.

Ай циклі, аспан денелерінің қозғалысы және ай энергиясы 30 маусымда, яғни жұма күні аяқталады. Айдың Сарышаяннан Мергенге ауысуына байланысты бұл кезеңді оң нәтижемен аяқтау керек.

2023 жылдың маусымындағы ай фазаларының адам өмірінің түрлі бағытына әсері

Ай және маусымның астрологиялық аспектілері жаздың жақсы басталатынын білдіреді. 2023 жылдың маусым айында қай күндер қолайлы деп саналады? Бұл айда 1–2, 5, 7–10, 14–16, 19, 21, 23–25, 28–29 күндер қолайлы болмақ. 2023 жылдың маусым айындағы қолайсыз күндер қандай? Бұл айда мүлдем қолайсыз күн жоқ. Кез келген ауқымды жобаларды жоспарлап, жүзеге асырудан тартынбаңыз.

Ай фазалары, жұмыс және қаржы

Өсіп келе жатқан ай кезеңі мансап пен ақша табу үшін ең қолайлы уақыт болмақ. Кемімелі айда қорытынды жасауды әдетке айналдырған абзал. Қаржылық тұрақтылықты және мансап жолындағы жетістіктерді арттыру бойынша мына кеңестерге мән беріңіз:

  • Өсіп келе жатқан Айда Мергенде болатын толық Айға дейін (4 маусым) зияткерлік жұмыстармен, шығармашылық жобалармен, өз-өзіңізді дамытумен айналысыңыз. Сұлулық пен денсаулық, жоғары технологиялар саласындағы жобаларды бастауға болады.
  • Егіздердегі жаңа Ай (18 маусым) келіссөздер жүргізуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға, әлеуметтік байланыс желісін кеңейтуге және инвесторларды іздеуге қолайлы кезең болып саналады.

Жаңа жұмыс немесе қызметкерлер іздеу үшін тартымдылығыңызды пайдаланыңыз. Өсіп келе жатқан Айда әрі Венера Арыстанға өткен кезде (5 маусымнан бастап) және Меркурийдің Егіздерге ауысуы жақсы қырыңыздан көрінуге мүмкіндік береді.

Әріптестер суреті
Көтеріңкі көңіл-күйдегі әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың махаббатқа, қарым-қатынасқа және көңіл-күйге әсері

Маусым айында жалғыз жүрген жандардың көбісі махаббатын тауып, романтикалық қарым-қатынас орнатады. Бұған Ай циклдері мен маңызды планеталар ықпал етеді:

  • Венера Ай толғаннан кейін (5 маусым) бірден Арыстан белгісіне енеді. Жаңа образдарды қолданып, өміріңізге жаңа серіктестерді тарта отырып, жарқырағыңыз келеді.
  • Егіздердегі жаңа Айда (18 маусым) кездесулерді жоспарламаңыз. Бұл уақытты тыныштықта өткізіңіз, кіммен бірге болғыңыз келетінін ой елегінен өткізіңіз. Ер мен әйел уақытын интеллектуалдық ойын-сауыққа (квест, үстел ойындары) арнай алады.
  • Айдың бірінші ширегі (26 маусым) танысу сайттарына тіркелуге сәтті уақыт.

Маусымның 1-4, 9-10, 26-28 күндері кездесу мен танысу үшін ең жақсы күндер болып саналады. Меркурийдегі Шаян (28 маусымнан бастап) ең жайлы серікті интуитивтік түрде таңдауға көмектеседі.

Бақытты жұп
Ер мен әйелдің бақытты сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маусым айындағы Ай денсаулық пен сұлулыққа қалай әсер етеді?

Кристиана Кайохэннің зерттеу нәтижелері бойынша Ай циклдері ұйқыға және қандағы мелатонин деңгейіне әсер етеді. Ай тым үлкен боп көрінетін түнде (4 маусым) ұйқысыздық мазалауы мүмкін. Сондықтан ұйқыға арналған маска мен жалбыз шайын дайындап қою артық етпейді.

Маусымда Айдың және астрологиялық аспектілердің денсаулыққа әсері айтарлықтай байқалатын санаулы күндер бар:

  • Жаңа туған Ай Егіздерге ойысатын кезеңде (18 маусым) бет массажын және шөптермен ем-дом жасаңыз. Ота жасатуды жоспарлау, ай күнтізбесі бойынша шаш қию сияқты істерді кейінге қалдырған абзал.
  • Жазғы күн тоқырауы болатын күнді (21 маусым) дене күтіміне арналған сұлулық процедураларымен бастауға болады.

Маусым айында денсаулығыңыз сыр бермеу үшін кемімелі Айда детокс бағдарламасын қолға алыңыз. Ол салмақты қалыпты етіп, иммундық жүйені нығайтады.

Детокс тағамдары
Детоксқа арналған тағамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаздың бастапқы күндеріне арналған Ай күнтізбесі дене күтіміне және шұғыл істерге мән беретін қолайлы кезең болмақ. Айдың өзгермелі циклдерін және негізгі планеталардың қозғалысын ескере отырып, маусымның табысты әрі сәтті өтуіне ықпал ететін жоспар жасаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2023124-mausym-aiyna-arnalgan-ai-kuntizbesi-ai-fazalary-boiynsa-qolaily-zane-qolaisyz-kunder/