Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әке туралы ән: қазақ тіліндегі ең танымал әндер топтамасы

Опубликовано:

Әке мен бала
Зәулім үй алдында тұрған әке мен бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адам баласы үшін өмірде қымбат екі жан бар. Бірі – жарық дүниеге әкелген ана болса, екіншісі - асқар тау әке. Әке мен ана алдындағы перзенттік борышты өтеу мүмкін емес. Дегенмен ең асыл жандарға арналған сыйдың үлкені жүректен шыққан ән-жыр екені сөзсіз. Бұл жазбамызда ел арасында шырқалып жүрген әке туралы белгілі әндер топтамасын ұсынамыз.

Әке туралы жыр

Әні: Нұрғиса Тілендиев

Сөзі: Мұхтар Шаханов

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Жан әке, шертіп сезіп домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп

Сен тұрасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп

Сен тұрасың.

Бұл күнде мен де

Өзеннің арнасымын.

Кім мөлдір болса,

соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

***

Әке арманы

Әні: Марат Омаров

Сөзі: Құдайберген Қазыбек

Жапырақ жайған бәйтерек

Тереңге тартқан тамырын

Сезбеппін әке ертерек

Жаныңның ыстық жалынын

Ертеңім үшін көз ілмей

Атқыздың қанша таңыңды

Түсінер кім бар өзіңдей

Сағыныш толы жанымды

Мейірім шашқан жүзіңнен,

Өмірдің ізін көремін.

Әкелік асыл сөзіңнен

Жолымды тауып келемін.

***

Әкем-әнім

Әні: Әділбек Сулейменов

Сөзі: Орынбасар Сүттібаев

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан, қиялдан.

Арманға биік қол созсам,

Тұрасың демеп жиі алдан.

Қайырмасы:

Көңілім бүгін алаңды,

Күттің бе әке балаңды.

Шаттықпен жарқын тойыңа,

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Адалдық әркез көксеген,

Үйрендім әке тек сенен.

Ардақтап өтем мәңгілік,

Ғұмырда жалғыз тек сені.

Жүректі тербеп күй сынды,

Биікке ұшсам сүйсіндің.

Мойныңа көптен асылмай,

Сағындым, әке, иісіңді.

Әкесі мен қызы
Серуенге шыққан әке мен қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әкешім-анашым

Сөзі: Исраил Сапарбай

Әні: Берік Сәрсенов

Періште нұрынан жаратылған,

Әкешім, анашым, дара тұлғаң.

Сендердің бейнет пен зейнеттерің

Бүгінде қатайсам қанатымнан.

Қайырмасы:

Көбейсін немере-шөберелер,

Кеңейсін әрдайым керегелер.

Әкешім, анашым, сендер барда

Ұрпағың жалғасып, ере берер.

Дүние-ай, не деген көркем едің,

Есейдім, ер жеттім, еркеледім.

Өмірдің қол жетпес биігіне

Екеуің жалықпай жетеледің!

Әкешім ақылман кемеңгерім,

Анашым айдыным терең көлім.

Ақ тілеу батаңың арқасы ғой

Бақытқа, шаттыққа кенелгенім!

***

Әке-ана

Авторы: Роза Әлқожа

Жанашырым - ана, дара шыңым - ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың - әке, шырағымсың.

Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын,

Ана, мен сені Меккеге апарамын,

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын,

Әке, мен сені Меккеге апарамын,

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке!

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.

Қайырмасы:

Ана, аяулым өзіңмен мақтанамын,

Ана, мен сені Меккеге апарамын,

Ана, баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке, бір жылы сөзіңе шаттанамын,

Әке, мен сені Меккеге апарамын,

Әке, биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке!

Менің әкем – ең жақсы адам

Әні мен сөзі: Дулат Құйқастікі

Алладан кейінгі шеберім,

Жан әке жан жүрегім.

Самғасам күш қуат демедің

Сүрінсем тірегім.

Қалдырмас аязға ызғарға,

Алыбым асқар тауым.

Жан әке қасымда сіз барда

Арайлы әлі таңым.

Қайырмасы:

Әрқашанда биік көретін мен басқадан,

Менің әкем, менің әкем, ең жақсы адам!

Менің әкем, менің әкем, ең жақсы адам!

Қасиет киеңнің шыңына,

Арнадым алғыс тағзым.

Еш мектеп жет алмас құныңа

Ең мықты ұстазым.

Аңсайды ұлына әр әке,

Елде жоқ бақ қоңғанын.

Жетеді мен үшін жан әке

Сіздей ақ болғаным.

Әкеге арнап жазылған әрбір әнде сағыныш бар, махаббат бар. Жүректің түкпірінен жарып шыққан жалынды жырдың, әуезді әуеннің жүрекке жететіні де содан болса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2027839-ake-turaly-an-qazaq-tilindegi-en-tanymal-ander-toptamasy/

pixel