Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Twitter негізін қалаушылардың бірі Цукербергтің қосымшасын сынға алды

Опубликовано:

Twitter негізін қалаушыларының бірі Джек Дорси
Джек Дорси. Фото: Getty Images/David Becker

Twitter негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси Meta басшысы Марк Цукербергтің Threads атты жаңа әлеуметтік желісін өз жобасының тағы бір көшірмесіне теңеп, сынға алды. Ол Threads қосымшасының дизайны мен функционалы Twitter-ге қатты ұқсайтынын айтуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

"Біз ұшатын көліктер туралы армандап едік, бірақ оның орнына жеті бірдей Twitter көшірмесі ғана шықты", - деп әзілдеді кәсіпкер.

Сондай-ақ жазбада Threads, Twitter, Mastodon, Bluesky және Not Boring сияқты платформалардың интерфейстері көрсетілген суреттер бар.

Twitter-дің қазіргі иесі Илон Маск Дорсидің жазбасына күлкі эмодзиімен жауап берді. Бұған дейін Илон Маск та соңғы бірнеше күнде Threads-ті ашық сынаған болатын.

Илон Маск Meta-ның бас директоры Марк Цукербергті Threads іске қосылғаны үшін сотқа беретінін айтқан болатын. Оның сөзінше, компания Twitter және басқа да зияткерлік меншіктің коммерциялық құпиясын заңсыз пайдаланған.

Threads желілік қолданбасы осы аптаның ортасында ғана іске қосылды және оған 30 миллионға жуық адам тіркеліп үлгерді. Мета-менеджмент бастапқыда бұл желі Twitter-дің баламасы болатынын мәлімдеген еді және Threads сыртқы түрі мен функционалы жағынан Twitter-ге өте ұқсас екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2027874-twitter-negizin-qalausylardyn-biri-cukerbergtin-qosymsasyn-synga-aldy/

pixel