Сүйіктіңіз сіздің адамыңыз емес екенін қалай анықтауға болады: 10 белгіге назар аударыңыз
Жарияланған күні:
Қарым-қатынаста көптеген адам шектен тыс компромиске барып жатады. Алайда сүйіктіңізге тым "жақсы" болып көрінудің қажеті жоқ. Жаныңыздағы сүйіктіңіз сіздің адамыңыз емес екенін қалай білуге болады? Психологтардың кеңесіне назар аударайық.
Сүйіктіңіздің сіздің адамыңыз емес екенін қалай білуге болады? Егер сіз адал бола алмасаңыз, оған үстемдік етуге тырыссаңыз, ортақ мүдделеріңіз болмаса, түрлі ортада уақыт өткізсеңіздер, қарым-қатынасыңыз ауыр болса, онда сіз өз жартыңызды таңдауда қателескен боларсыз.
Әділ болуға болмайды
Егер сіз пікіріңізді ашық айта алмайтыныңызды, күмәндеріңізді бөлісе алмайтыныңызды сезсеңіз, онда бұл адам сіздің адамыңыз болмауы мүмкін. Мысалы сіз оны ренжітуді, жауап ретінде ескерту алуды, сөгіс жасайтынан, тіпті агрессивті түрде қарсы шығуы мүмкін деп қорықсаңыз, онда сізді әлі де басқа адам күтіп тұр. Себебі арада бір-бірін қолдау, түсіну және қабылдау болмаса, ортақ болашақ жоқтың қасы.
Манипуляция жасау
Егер сіз манипуляторға тап болсаңыз, ол сіздің кінәңіз емес. Тим Бертонның "Үлкен көздер" фильмінде Уолтер Кин (Кристоф Вальц) Маргарет Ульбрихке (Эми Адамс) үйленеді. Әйелдің сеніміне ие болғаннан кейін, Кин оны басқара бастайды. Ол Маргаретке билік ету және оның ақшасын иемдену үшін психологиялық зорлық-зомбылық жасады. Манипуляцияның мақсаты әрқашан ақша бола бермесе де, бұл әдеттен тыс және қауіпті әрекет.
Ортақ мүдделердің болмауы
Ғашық болу үшін ортақ мүдделер қажет емес, бірақ қарым-қатынасты дамыту үшін олар қажет. Сіздің үйлесімді жұп емес екеніңізді түсіну үшін қандай белгілер болуы мүмкін? Сізде ортақ мүдделер мен принциптер, сөйлесетін ортақ тақырып болмаса – ол сіздің адамыңыз емес. Мұндайда әрбір ерлі-зайыптының берік және теңдестірілген қарым-қатынасты сақтау үшін ортақ мүдделері болуы керек.
Түрлі әлеуметтік орта
Егер сіз сүйіктіңізбен тек үйде кездессеңіз, сізде ортақ достарыңыз бен ортаңыз болмаса – бұл жақсы қарым-қатынас емес. Егер сіздің әлеуметтік ортаңыз бір болмаса, бір-біріңіздің ортасын қабылдауға тырысқыңыз келмесе, онда мұндай қарым-қатынас ұзаққа созылмайды, деп жазады Psychologies журналы. Ортақ достардың болуы және сүйіктіңіздің жақындарымен достық қарым-қатынасты орнату - сәтті қарым-қатынастың маңызды бөлігі.
Қарым-қатынастың ауыртпалық тудыруы
Сіз сүйіктіңіздің қарым-қатынастан не қалайтынын білуіңіз керек және оған қатысты да сондай көзқарасты ұстануыңыз жөн. Ал дұрысында сіз қарым-қатынасыңыздан эмоционалды ләззат алуыңыз керек. Бұл міндет, мәжбүрлі түрде араласау, өзіңізді сол адаммен қиналған күйде болмауы тиіс. Дұрыс қарым-қатынаста жұптардың әрқайсысы бір-біріне қамқорлық жасауы керек. Ал егер арадағы сезім ауыр қатынасқа айналса, онда ол ұзаққа созылмайды, деп жазады Изабель Гейлорд. Мұндай жұпта ешкім бақытты болмайды.
Қарым-қатынасқа уақыттың болмауы
Сүйіктіңізбен бір болу – оған көп уақыт бөлу деген сөз. Сондықтан, бір-біріңізге барынша көңіл бөлу маңызды. Жұма күні ме, демалыс күні ме, таңғы уақыт па – бәрібір, бастысы - екі адамға ыңғайлы кез келген уақыт болуға тиіс. Ал егер біреудің әрқашан уақыты болмаса ("жұмыста болу", "ата-анама бару", "маникюрге асығу" т.б), демек бірге болғыларыңыз келмейді.
Ортақ жоспардың болмауы
Сіз жақсы көретін және жаныңызда өмір сүретін адаммен ортақ жоспарлардың болмауы – үлкен қателік. Мұндай жоспарларға бала сүю, үй сатып алу сияқты жаһандық жоспарлардан бастап, кафеге бару, достармен кездесу, қайықпен жүру сияқты қарапайым нәрселерге дейін кіруі мүмкін. Егер болашақ туралы ойлар туындамаса және сіз онымен бірге ештеңе жоспарлағыңыз келмесе немесе сүйіктіңіз жоспарлар туралы сұрақтарға "Қазір болашақ туралы ойланатын уақыт емес" деп жауап берсе, мұндай қарым-қатынас сәтсіздікке ұшырайды, деп жазады PhD докторы Рэнди Гюнтер.
Орындалмаған уәделер
Сүйіктіңізге бос уәде беруден аулақ болыңыз. Егер сіз сол уәдені орындауға тырыспасаңыз, онда бұл сәтсіз қарым-қатынас. Сондықтан әр ойыңызға, сөзіңізге абай болыңыз.
Қолдаудың орнына сын айту
Көптеген жұпта қолдау мен қамқорлық сөздері сын мен сөгіске айналады. Мұның бәрі "Неге мен ғана бізге қажет нәрсені үнемі айтуым керек?" деген сауалдардан туындайды. Мұны эмоциялар мен стресстерге жатқызбаңыз. Егер сіз ашуыңызды баса алмасаңыз және басқа адамнан тек кемшіліктерді көрсеңіз, онда бұл жайдан-жай емес.
Өз таңдауыңызға күмәнмен қарау
Егер сіз басынан бастап серіктес таңдауда көп күмәндансаңыз, онда бұл жаман белгі. Сіз мұны әрқашан болашақ үшін жарақат алудан немесе мазасызданудан қорқу үшін жаза аласыз: "Егер ол мен өмір бойы іздеген адам болмаса ше?", "Мен оны сүймей қалсам ше?". Егер уақыт өте келе мазасыздық басылмаса және күмән жойылмаса, олардың нақты негізі бар.
Аталған белгілерді неғұрлым көп байқасаңыз, соғұрлым сіздің таңдауыңыз дұрыс емес деген сөз. Сезіміңізге сеніп, психологтардың кеңесіне құлақ түріңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029505-suiiktiniz-sizdin-adamynyz-emes-ekenin-qalai-anyqtauga-bolady-10-belgige-nazar-audarynyz/