Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 16 қыркүйек күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан. Көрнекі фото: pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Үйіңізді безендіруді бұрыннан ойлап жүрген боларсыз? Сурет салу, бөлме гүлдерін отырғызу немесе перделерді ауыстырудың уақыты келді.

Жақындарыңызбен қарым-қатынаста адалдық пен әділдікті таңдаңыз, алдап, өз міндеттеріңізді басқаларға жүктеудің қажеті жоқ.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Жоспарларыңызды тізетін күнделік жүргізіп отыруға тырысыңыз. Бұл сіздің ұйымдастурышылық қабілетіңіз бен жауапкершілік қасиетіңізді арттыра түседі.

Қажетті адамдармен келіссөздер жүргізу үшін өзіңіздің туа біткен сүйкімділігіңіз бен харизмаңызды пайдаланыңыз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Серіктесіңізді жалғыз қалдырыңыз, оның жеке кеңістігі болғаны өте маңызды.

Өзіңіз қалаған нәрсеге жету үшін шыдамдылық, сабырлылық және табандылық көрсетіңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін үйде күтім процедураларын жасауға қолайлы күн: тіпті қарапайым маска сізге керемет әсер етеді.

Бүгін сізде ипохондрия ұстамасы болуы мүмкін, бірақ уайымдамаңыз, денсаулығыңыз сіз ойлағандай нашар емес.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Сүйікті адамыңызды өсек-аяңнан сақтаңыз, оған сенетініңізді көрсетіңіз және оған барлық жағынан қолдау көрсетіңіз.

Көбірек қозғалыста болыңыз, иммунитетті көтеру қажет.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Ескі досыңызға көңіл бөліңіз: бірге түскен ескі суреттерді жіберіңіз, өткенді еске түсіріңіз және жаңалықтарды талқылаңыз. Уақытты жақсы өткізетініңіз анық.

Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне өздерінің қастарына назар аударуды ұсынамыз: шебердің кішігірім түзетуінің өзі сіздің келбетіңізге оң өзгеріс әкелуі әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Табанды және шыдамды болыңыз. Бұл аз күш қажет ететін жағдайларға да қатысты. Ескі проблемалар қайтадан алдыңыздан шығады.

Өзіңізге әдемі үй киімдерін сатып алыңыз: үйде «ескі-құсқы» киіммен жүру - өзіңізді сыйламау және бағаламау.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Бірден іске кірісуге тырысыңыз және оны кейінге қалдырмаңыз. Бүгінгі күн мәселелерді шешуге қолайлы болмақ. Бұл уақытты мүмкіндігінше өнімді және тиімді пайдаланыңыз.

Қарым-қатынаста барлық жауапкершілікті серіктесіңізге артпаңыз. Жағымды тосынсый дайындаңыз, араңыз суып кетпеуі үшін қолдан келгенді аямаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Қарым-қатынаста мейірім танытыңыз және жомарттығыңызды көрсетіңіз, бұл арақатынасты жақсартады.

Отбасылық фотосессияға тапсырыс беріңіз. Бұл жақсы естелік.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Рационыңызға ботқалардың түр-түрін көбірек енгізуге тырысыңыз, бұл сіздің ағзаңызға пайдалы.

Достарыңызбен байланысыңыз үзіліп кетпес үшін аптасына бір рет оларға хабарлама жазып қоюды ұмытпаңыз. Бұл арақатынасыңызды жақындатары сөзсіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Ұсыныс жасап, жан сырын ақтаратындар үшін қолайлы күн. Дайын болыңыз.

Біз зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне күтім мен сәндік косметиканы қайта қарауға кеңес береміз: сіз өзіңізге сәйкес келмеу себебінен пайдаланбайтын көптеген өнімді жинаған болуыңыз мүкін.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынас сыйластыққа негізделеді. Жақындарыңыз барлық идеяңызды қолдайды, көптеген істі бірге атқарасыздар.

Кез келген адамнан жау іздемеңіз, адамдар сізге шынайылық танытады. Ортақ идеяларды қолдайтындарға жақын болыңыз, жоспар құрыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2036712-bugingi-zuldyz-zoramal-16-qyrkuiek-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel