jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

24 қазаннан бастап кейбір смартфондарда WhatsApp жұмыс істемеуі мүмкін

WhatsApp қолданбасына компьютер арқылы кіру
WhatsApp қолбанбасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

24 қазаннан бастап WhatsApp желісі операциялық жүйесі 5.0-ден ескі Android смартфондарында жұмысын тоқтатады. Бұл туралы мессенджердің анықтамалық орталығы ресми сайтында хабарлады.

Қазіргі уақытта WhatsApp мына құрылғыларда жұмыс істеп тұр:

  • 4.1 операциялық жүйесі бар Android және одан кейінгі жаңа нұсқаларында;
  • iOS 12 операциялық жүйесі бар iPhone және одан кейінгі жаңа нұсқаларында;
  • KaiOS 2.5.0 және одан кейінгі жаңа нұсқалары бар телефондарда, JioPhone және JioPhone 2-ні қос алғанда.

Дегенмен 24 қазаннан бастап WhatsApp желісі тек Android 5.0 және одан кейінгі жаңа нұсқалары бойынша қызмет көрсетеді. Бұл ретте смартфонның нөмірді растау кезінде SMS немесе қоңырауларды қабылдай алу мүмкіндігі болу керек.

Анықтама орталығының мәліметінше, WhatsApp желісі ескі операциялық жүйе бойынша жұмыс істеп тұрған смартфондарда қызметін тоқтатқанға дейін қолданушыға бірнеше рет хабарландыру жіберіледі.

24 қазаннан бастап кейбір смартфондарда WhatsApp жұмыс істемеуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.