jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қыс бойына жетеді": Павлодар облысында зейнеткер "алып" қияр өсірген

"Алып" қияр өсірген зейнеткер
Павлодарлық зейнеткер. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында зейнеткер "алып" екі қияр өсірген. Екі көкөністің салмағы үш келіден асады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Павлодар облысы Ольгинка ауылында "Үй жанындағы бақша" атты көрме-байқауы өткен.

Аталған байқауда 84 жастағы ауыл тұрғыны Нина Кривич "Көкөніс" номинациясында жеңімпаз атанған.

Басылым жазуынша, зейнеткер бақшасында "алып" екі қияр өсірген. Бірінің салмағы 1,8 келі болса, екінші қиярдың салмағы 1,4 келі болған.

"Бұл қияр маған қыс бойына жетеді" - дейді әзілдеген зейнеткер.

"Менің жерімдегі жидектер мен жемістер" номинациясында 87 жастағы Екатерина Крисанова жеңімпаз атанған. Ол қазылар алқасына бақшасында өскен жеміс-жидектің тоғыз түрінен әзірлеген компот ұсынған.

"Қыс бойына жетеді": Павлодар облысында зейнеткер "алып" қияр өсірген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.