Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдерден қорқатын африкалық тұрғын жарты ғасыр бойы ауласынан шықпаған

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі сурет: pixabay.com

Руанда тұрғыны 55 жыл бойы әйелдерден тығылып өмір сүрген. Бұл туралы Мир24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

71 жастағы Каллитксе Нзамвита өз үйін толықтай қоршап, қоғамнан оқшау өмір сүреді. Осы жылдар аралығында оның үйінің табалдырығынан бірде бір әйел аттамаған.

Әйелдер оған тамақ әкеліп, ауладан лақтырып кетеді. Нәзік жандылар алыстап кеткен соң ғана ол әкелінген тамақты алуға барады екен.

Африкалық тұрғын алғаш рет 16 жасында әйелдерден қорқатынын түсінген. Ол сирек кездесетін аурулардың бірі - гинофобиямен ауыруы мүмкін.

Гинофобия - әйелдер алдында қатты қорқынышқа бөлейтін сырқат түрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2042008-aielderden-qorqatyn-afrikalyq-turgyn-zarty-gasyr-boiy-aulasynan-syqpagan/

pixel