Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылға арналған қазақша тілектер топтамасы: өлеңдер мен құттықтаулар

Опубликовано:

Жаңа жылдық бокалдар. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық бокалдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жылдың келуіне де аз күн қалды. Осы орайда, мерекелік корпоративтік кештерде, достарыңыз және жақындарыңызбен отырыста жаңа жылға арнап, құттықтау сөз сөйлеуге тура келеді. Назарларыңызға мерекелік кешке арналған өлең құттықтауларды ұсынамыз.

Жаңа жылдық мереке кешінде тілегіңізді өлең түрінде жеткізген ерекше болады. Осы орайда, назарларыңызға жылдың бас мерекесіне арналған өлең тілектерді ұсынамыз.

Құшағында тәтті үміттің Өтсін алтын күндерің, Жаңа жылда жақсылықтың, Шамшырағын үрлегін!

*** *** *** ***

Өзің де бір ардақты жан екенсің, Армандарың алып шыңға көтерсін! Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай, Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

*** *** *** ***

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, Құт-береке әкелсін баршаңызға. Аңсаған арманыңыз орындалып, Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

*** *** *** ***

Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді, Болмайды той-думанның кеші мұңды. Жаратқан түгел қылып берсін сенің Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады. Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!

*** *** *** ***

Жаңа жылдық шам. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық шам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,- Ғасырдың он екінші жылы келді, Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым, Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.  Қазақтың пейіліне тарту етсін, Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

*** *** *** ***

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің, Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің, Шынарына өрле биік бақыттың, Осы менің саған айтар тілегім!

*** *** *** ***

Аман болсын отбасың, Жамандықтан сақтасын. Жаңа жылдың түнінде, Бақыт ашсын қақпасын!

Жаңа жылдық шырша. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық шырша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді, Болмайды той-думанның кеші мұңды. Жаратқан түгел қылып берсін сенің Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!

Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады. Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!

*** *** *** ***

Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты, Жаңа жылым, салиқалы, салмақты! Қазағымның айқара ашып есігін, Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен, Жаңа жылым, келді бірге бақпенен! Төрт түлігім түгел болып жерімде, Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

*** *** *** ***

Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым, Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым! Үміт артқан болашаққа ақ жарқын, Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың.

Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым, Жаңа жылым, күнделікті жұмысым! Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап, Сәбиімнің бұза көрме тынышын!

Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан, Жаңа жылым, достық үнін таратқан! Елің үшін, жерің үшін кең байтақ, Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!

Жаңа жылым, ырысы мол, дана бір, Жаңа жылым, жазылмаған жаңа жыр! Өз еліме ала келсін қашанда, Жаңа жылым, жаңа бақыт, жаңа нұр!

Жаңа жылдық шарап. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық шарап. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл келді, жаңарып күндер, апталар, Құттықтауменен жетіп те жатты хат-хабар. Сарғайған сана, көмескі кеуде қайткенде, Алғашқы жауған ақ қардай болып ақталар.

Келетін жылғы гүлденген күндер қайтадан, Жұпарсыз гүлдеп, санамды қайта шайқаған. Ақ боран соғып арымды шайса алтынға; Жаңарған сені жаңа жылым деп айта алам.

Қош енді, қош бол, жаңа боп қайта ескірген, Жылжыған жылдар, барлығын-дағы кештім мен. Пенделік сенен періштелер қашып кеткендей, Жаңалық таппай жалғаншы деген бес күннен.

Жаңа жыл келсе жаңарсын барлық жүректер, Жаңарсын барлық жаңаша болып тілектер. Қырықтың бірі Қыдырдан берсең қаңтарда, Ұл менен қызға уыздай аппақ жүрек бер.

Қазақ боп ертең әлемді барша таң қылып, Тігеміз туын тектіліктің біз мәңгілік. Салют боп жауып ақ періштелерім сонда түндерден Мен күткен ертең жаңа жыл келед жаңғырып.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2051726-zana-zylga-arnalgan-qazaqsa-tilekter-toptamasy-olender-men-quttyqtaular/

pixel