Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылға арналған қазақша әндер топтамасы

Опубликовано:

Жаңажылдық ойыншық
Шыршаға ілуге арналған ойыншық. Көрнекі сурет: pixabay

Жаңа жыл — көпшіліктің асыға күтетін мерекесі. Ал жаңажылдық әндер мереке қарсаңында ерекше көңіл-күйге бөлейді. Ғажайып мерекенің атмосферасын сезіну үшін қазақ тіліндегі үздік әндер топтамасын ұсынамыз.

Жаңа жыл

Ән авторы: Ержан Серікбаев

Қар да аппақ, ай да аппақ,

Аппақ қырау кестелі.

Ақ жібектей ақша қарды

Күн сәулесі тербеді.

Тұнық сезім шаттанады,

Сезіп алда үмітті.

Бар әлемді аппақ көрпе

Құшағына бөледі.

Қайырмасы:

Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа ғасыр, жаңа бақыт, жаңа нұр

Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл,

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Табиғат алдында,

Бас иеді адамзат.

Жаңа жылдың қарсаңында

Көтерілді көңіл шат.

Ғасырлардың тоғысына,

Куә болдық бәріміз.

Жаңа мақсат армандарға

Жетіңіздер бәріңіз!

Армысың, Жаңа жыл!

Қош бол, ескі жыл таныс.

Қауышайық, табысайық

Алайықшы мың алғыс!

Табысар деп жаңа ғасыр,

Жақсылықтың нышаны.

Бақытты боп барша халық

Гүлге толсын құшағы.

Жаңа жылдың шамдары

Сөзі: М.Мәліков

Әні: А.Жүнісқожаев

Ақ сезімдей ақ ұлпа жалында,

Ақ шағала қонады қолыма.

Көптен күткен мереке сағынып

Келді міне жаңа жыл тағы да, тағы да.

Қайырмасы:

Жаңа жылдың жарқырасын шамдары,

Жаңа өмірдің жадырасын жандары.

Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде

Орындалсын әрбір жанның бар арманы.

Аралайды даланы, қаланы,

Әппақ қырау өрнегін салады.

Қоңыраудың сыңғырлы үнімен

Тереземді жаңа жыл қағады, қағады.

Жаңа жыл

Ән авторлары: М.Балмырза, Б.Арыстан

Шомылып ақ қарға,

Мақтадай жатқанда,

Асыр салып ойнап жүргенбіз.

Бір бақыт тапқанда,

Самғайды ақпанда,

Бақытты өмір сүргенбіз.

Арманың барда,

Бақытың алда,

Шаттықпен өткізші өмірді.

Айтарым енді,

Жаңа жыл келді,

Көтеріп жүрейік көңілді.

Қайырмасы:

Жаңа жыл келді қайта,

Жаңа жыл әнін айта!

Мұңайып қалма байқа,

Өткінші бәрі.

Жаңа жыл ай мен күнде,

Жаңа жыл күн мен түнде.

Шырқалсын енді бірге

Жаңа жыл әні.

Бір шаттық сезгеннен,

Көрдің ғой көзбенен

Аппақ қар жерге түскенін.

Мән беріп бір саған,

Сәнденіп шыршалар,

Жаңа жыл келді, қыс келді.

Жаңа жыл келді міне,

Шырқайық енді бірге.

Көрмейсің, көріктім-ау,

Дәл мұндай жолды күнде.

Қосайын әнге бүгін көзіңнің мөлдірін де,

Жаңа жыл шаттық әнін

Арнайын енді кімге?

Жаңа жыл

Сөзі: Ш. Сариев

Әні: Д.Құрамысов

Қош келдің, жаңа жылым қазағыма,

Қайранмын дүниенің ғажабына.

Көндірген бейнеті мен азабына,

Қош келдің, жаңа жылым қазағыма.

Қайырмасы:

Белін бекем буған елім,

Бақ-дәулетке тұнған елім.

Құтты болсын, құтты болсын,

Жаңа жылың, туған елім.

Құтты болсын, құтты болсын,

Жаңа жылың, туған елім.

Қош келдің, жаңа жылым даламызға,

Қайнаған туған жерім анамызға.

Жыл келді, той тойланды арамызға,

Қош келдің, жаңа жылым даламызға.

Қош келдің, жаңа жылым бағымызға,

Үмітті сәуле бердің жанымызға.

Қуаныш күйі ойнайды қанымызда,

Қош келдің, жаңа жылым бағымызға.

Жаңа жыл

"Меломен" тобының орындауында

Тағы да келді көптен күткен жаңа жыл,

Жаңа күн, жаңа жыр, жарқырайды жаңа нұр,

Көңілге шаттық орнап, жүрек сыры ашылған

Пәк көңіл, ақ тілек, аппақ қардай шашылған.

Қайырмасы:

Жаңа жылда, жаңа жылда

Жаңа нұр тілейміз біз баршаға,

Ақ тілек те арнаймыз біз жыр сала,

Жаңа жылда, жаңа жылда,

Жаңа нұр, жарқырасын жаңа күн,

Бейбіт күндер әкелсін тек жаңа жыл

Жаңа жыл!

Жыл баспалдағы, алға бастық бір қадам,

Өткенге өкінбе, күн бастайық жаңадан,

Өткен жыл өз сапарларын қимай-қимай тауысқан,

Қол бұлғап ескі жыл, жаңа жылмен ауысқан

Жаңа жылмен ауысқан.

***

Жаңа жыл

Орындайтын: Р. Рымбаева

Ең жарқын жолмен,

Қадам басқан ертеңгі күнге.

Кең бұл әлемнің,

Орның бар айқын төрімде.

Алда, жетеріміз алда,

Жүректе күш, сенім барда.

Болашақ, келешек үні.

Қайырмасы:

Шақырады алға жетелеп,

Жаңа жыл шегінбе кері.

Бірге тамаша өмірге жетейік.

Бөлінбей тек бірге.

Сан жол тоғысқан,

Елімнің бүгіні жыр дастан.

Тек тілейтінім,

Ертеңімізге ашық аспан.

Алда, жетеріміз алда,

Жүректе күш, сенім барда

Болашақ, келешек үні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2053282-zana-zylga-arnalgan-ander-toptamasy/

pixel